"Бозторғай", "Ыбылыс пен шайтан", "Ауырған арыстан" мысалдар
Сәбит мысалдары көңілге қонымды, әрі терең мағыналық, күлдіргілі болып келеді. Мұны оның «Бозторғай» деген мысалының сюжет мен мазмұнынан көруге болады. Бозторғай тұрымтайдан әбден зорлық, қорлық көреді. Соны қырғиға шақпақшы болады. Қырғиды ол бір бөденені жеп қойып,тағы бір бөденені аңдып отырған жерінде кездестіреді. Қырғи бозторғайдың шағымына құлақ қоймайды. Қазір қолым бос емес, күт,төз, жаның шықпайды деп ұрсады. Бозторғай мұны енді қаршығаға айтпақшы болып, соны іздейді . Оны іздеп келе жатыр, көлде қырылып жатқан үйректерді көреді, оларды қырған қаршыға екенін біледі. Сонан ол қаршыға мен сияқты зәбір көргеннің мұңын тыңдамайды екен,бұл да момынға зәбір көрсетуші екен деп түйеді. Ақын мұнда патша үкіметінің әкімдерін келістіріп сынаған. Оның басқа мысалдары да осылай болып келеді. Сәбит мысал жанрына шебер ақын деуге болады.
Ақын «Ауырған арыстан» мысалында арыстан,түлкі,қасқыр арқылы адамдарың мінез-құлқын сынап: Қазақта қасқыр да кеп, түлкі де көп,Алайда жіп тақпаймыз ешкімге деп,Сөз жүртіп, шағыстырған қасекеңдер,Түлкіге қалып жатыр күлкі де боп – деген қорытындыға келеді.