Ғ.Қараш өлеңдерінің азаттық идеясы
Ғұмар Қарашев (1876-1921).
Ұлт-азатшыл бағыттағы көрнекті қоғам қайраткері екендігі. Шығармашылық өмірбаяны. Оқытушылық қызметі. Әдебиет тарихынан алатын орны. Поэзиясында реалистік шындықты жырлау басымдылығы. Тақырыптық тұрғыдан алғанда патшалық Россияның отарлау саясатына қарсылық басымдау жататыны. өлеңдерінде тек жалаң күресті емес, өнер-білім арқылы жүзеге асатын саяси күресті алға қоятыны.Дәстүрлі поэзиядағы Дулат, Шортанбай сықылды ел надандығын, өзге елден жұқтырған кесапатты қасиеттерді, мінез-құлықтарды сынай отыра, ақынның өзіндік ой айтуы басым екендігі.Өлеңдері. Поэзиялық шығармаларының реалистік сипаты. Өлеңдеріндегі сыншылдық сарын. Әділетсіздікті әшкерелеуі, елді мәдениет жолына жетелеуі. «Қазақтың байлары мен нашар кедейлері», «Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін» шығармалары. Дайын сюжеттер негізінде шығармалар жазуы («Дүние ісі ақіретке кетпес»). Аударма жанрын дамытуға қосқан үлесі. Орыс классиктері А.Пушкиннің «Евгений Онегин» поэмасын, М.Лермонтовтың «Үш бәйтерек», М.Жуковскийдің «Туған жер» шығармаларын, сондай-ақ И.Крыловтың мысалдарын, Хемницер, Плещеев шығармаларын аударудағы қолтаңбасы. Ғ.Қарашев поэзиясының өмір-танымға мейлінше тереңдігі. Оның дүние, қоғам және адам, тарих және тарихтағы жеке адам орны туралы толғамдарының терең мәнділігі. Ғұмар Қарашев шығармашылығының ХХ ғасыр басындағы әдебиеттен алар орны.