Кітаби ақындардың ерекшелігі?

«Кітаби ақындар» деп аталған қарқынды бағыттың өзіндік беті айқындалды да, жаңа әдеби процесте өзіндік орын, жөн-жосығымен бейтарап қалып танытты. Енді әдебиеттің даму үрдісі, бағыты, басты-басты қайраткерлерінің ой-назары батыс, орыс мәдениетінің, жаңа заманның «ғылым» жаңалықтарына дем қойған таным дүниесіне ауа түскендей еді. Мағжан Жұмабаевтың өзі мақалаларымен аударма, оқулықтарында, оқу ісі туралы еңбектерінде «ғылым» дүниесіне негізделген білімге, Еуропа мәдениетіне ден қоятын көзқарасын ашық жазды. Бұл, Мұхтар Әуезовтың «Мағжанды сүйемін, Еуропалылығын, жарқырыған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан арқа қызын көріп сезінгендей боламын. Мағжан – культурасы зор ақын» , — дейтін. Мағжан Уфада, Омбыда, Мәскеуде білім алып, В. Я. Брюсовтың аузынан «қазақтың Пушкині»атанған тұс. «Дәл сол кезде Шығыс мәдениеті қайраткерлерінің ішіндегі ең күшті, ең асқан білімпаздарының бірі де Мағжан болып саналады.», «Хайрулла Махмудов).Дүние таным мен руханият дүниесіндегі бұл бағыттың тууы, белең алуы даму заңдылығы болатын. Сол тұстағы қазақ оқығандары мен ұлтшыл қайраткерлері, зиялы қауымның тұлғалы өкілдері түгелге жуық еуропаша білім алып ,Ресейдің кәсіби білім орталықтарында оқығандар еді. Ғасыр басындағы саяси тіршілікке де белсене араласқан солар-ды. Алашорданың батысында да, шығысында да ой тізгінін солар қолға алғанды.Міне, дамудың осындай сәттерінде әдебиеттің жаңа бітімі түзілді, көркем публицистика белең алды, азаматтық үнді ұлттық көркем сөздің мүше-мүшесі дараланып, мүсінделе түсті. Бұл – екінші бағыт. Бұл бағыттың сипаты ең алдымен халыққа ең алдымен ең жақын саналатын өлең, жырда барынша айқын көрінді. Жыраулық поэзия одан әрі жалғасын тауып, түрлене дамыса да, заман тынысына лайықты уақыттың өзі әкелген жаңа дәуір поэзиясы тез буын бекітті.