"Хал-ахуал", "Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз"

“Хал-ахуал”, “Тір­ші­лікте көп жа­сағандықтан көрген бір тама­шамыз” ат­ты туын­ды­лары 1907 жылы Қазан қа­ласындағы Құ­са­йы­н­ов­тар бас­па­хана­сынан жарық көреді.
«Хал-ахуал» (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттелуі. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды аша сынауы. Ақынның отырықшылықпен ерте келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы.«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» (1907) атты кітабында өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейкесті мәселелерді көтере білуі. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргелі ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс табуы. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімес», «Ақ қағаз, қалам, сия келет бізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді», т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының болуы.