"Сарыарқаның кімдікі екендігі" жинағындағы ұлттың тарихы...
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» атты еңбегінде қазақтың жер-суынан айрылып, патшаның отаршылық талауына түскенін жазады. Алдымен қазақтың кең жер, ата- қонысы жайында, бұдан арғы 500–600 жылғы қазақ тарихынан әңгіме қозғайды. Сарыарқа – қазақтың Ноғайлы заманынан бері қарай мекендеп, туып-өсіп келе жатқан жері. Арқадағы жер аттарының аталу тарихын «Қозы-Көрпеш – Баян сұлу» жырымен байланыстырады. Бұл жер – Қытайдың, Жоңғар қалмақтарының Орта Азия хандығының шабуылынан 24сан рет қорғап алып қалған, осы жер үшін қазақ халқы, оның талай ерлері, талай батырлары қанын төгіп еді дейді: «Бұл қазақ иесіз жатқан жерге текке ие болған жоқ. «Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен» кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Қаздауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек замандарында жаннан көшіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, «жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға басылып», шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз жау қолында оққа ұшып, өліп, сөйтіп алған жері еді. Ата-бабамыз не үшін қырылды? Кейінгі үрім-бұтағына жер-су алып беремін деп қырылды. Жалғыз менің ата-бабам емес, жер-суға таласып көп қазақ қырғын тапты. Сол себепті бұл Сарыарқа біздің қазаққа атасының құны болып, олжа болып еді»