"Алаш" газеті

1916 жылдың 26 қарашасынан 1917 жылдың ортасына дейін Ташкентте шығып тұрған апталық газет. Редакторы - Көлбай Төгісұлы, шығарушысы - Мәриям Төгісова Қапсаламова. 1917 жылғы 22-санынан бастап редакторы - Т.Жанбайұлы. Кейбір зерттеушілердің еңбегіне қарағанда, осы жылы күзде газет бастапқыда Омбыға, сонан соң Петропавлға көшсе де, К.Төгісұлының белсенді саясатқа кіруіне байланысты жабылып қалады.
Бұл қайраткер «Алашты» шығарып жүргенде әлі «Үш жүз» партиясын құрыса коймаған еді. Сондықтан ол басқарған басылымға Т.Жомартбайұлы, А.Мәметұлы, Ж.Сейдалин, С.Дөнентайұлы, Ш.Айманұлы, Б.Күлейүлы, Б.Майлин, і.Жансүгіров, А.Баржақсин, Ж.Аймауытұлы мен М.Әуезов, Н.Құлжанова, Ж.Бабатайұлы т.б. қаламгерлер мақалаларын жариялап отырды. Мұнда XX ғасыр басындағы оянуларды сипаттайтын біршама еңбек бар. М.Төгісова театр туралы бірнеше мақала жазған. Саяси мәселеде К.Төгісұлы Алаш зиялылырымен ортақ пікірге келе алмаған. «Алаш» газеті - ұлт баспасөзінің бір ізденісі.