ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің дамуы?
Ұлтымыздың кейінгі жүз жылдан аса тарихының сырлы шежіресі – қазақ баспасөзі 19- ғасырдың екінші жартысында “Түркістан уалаятының газеті”, “Дала уалаятының газеті” болып патшалы Ресей үкіметінің үкімімен дүниеге келді. “Түркістан уалаятының газеті"(“Туркестанская туземная газета”) 1870 жылы Ташкент қаласында өзбек, қазақ тілдерінде шыға бастады Газет айына төрт рет, екі тілде (өзбек, қазақ) он үш жыл бойы үзбей шығып отырды. 1883 жылы Түркістан генерал – губернаторының бұйрығы бойынша, газетті қазақ тілінде шығару тоқтатылып, ол аптасына бір рет өзбек тілінде шығатын газетке айналды. Біраз уақыттан кейін, 1885 жылдан бастап газет өзбек және орыс тілдерінде шыға бастады. Жалпы бұл газет 47 жыл бойы, 1918 жылға дейін шығып тұрды. Дегенмен, газет негізінде өзбек тілінде шыққанымен осы 1883 жылдан кейін де қазақ тіліндегі мақалалар мен қазақ елі жайындағы мағлұматтар жиі жарияланып тұрды.