8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі

Құрметті Массагет порталының қолданушылары! Халықаралық әйелдер мерекесіне орай сайтымызда да ұлан-асыр той болғалы жатыр. Ешбір атаулы күн мен айтулы мерекені қалт жібермейтін Массагет.кз ойын-сауық порталы 8-наурыз мерекесінде де сіздермен бірге болмақ. Сайтымызда жаряланып жатқан дүниелердің бәрі де сіздер үшін екендігін айта отырып, сіздерді қызықты байқауға шақырамын. Оның түк те қиындығы жоқ. Бар қызық форумда болғалы тұр. Мереке қарсаңында нәзік жанды арулар мен аналардың төбесін көкке жеткізейік.

1. Фотографтар байқауы.

Осы бетке төмендегі тақырыптар бойынша әдемі де, сапалы суреттер жолдаңыздар. Байқау мәресіне жеткен кезде әр тақырыптан бір-бір сурет таңдалады.

"Менің анам - алтын..." (Анаңыз, әжеңіз, кіндік шешеңіз)

"Сен маған сүюді үйреттің" (сүйікті қызыңыз, жарыңыз)

"Дәл өзіңдей болса ғой жеңгелердің барлығы!" (Жеңгеңіз)

"Бауырым, бақытым сен!" (қарындасыңыз, әпкеңіз)


2. Ақындар байқауы.

"Өмірдің мәні - әйелде" деген тақырыпта ару аналар мен нәзік жанды қыздарға арналған өлеңдерді жариялаңыздар. Бір қолданушы тек бір ғана жыр ұсына алады. Өлеңдер кәсіби тұрғыда тексерілетін болады. Сондықтан жыр жазу технологиясында қателіктер жібермеуге тырысыңыздар. Жүректен шыққан жырдың жаманы болмас.

Қорытындысы мен марапаттауын сайтымыздың "Блогтар" бөліміне жариялайтын боламыз.

Іске сәт, достар!

Себезгі сәуле түсіп көктен керім,
Бататын ұзақтау боп кеткенде күн.
Қытымыр қысты тағы ұзатып сап,
Кеше ғана түсірдім көктем-келін!

Шуақ, нұрдан лағылды тағынып күн,
Жетегіне ілесіп бақ-үміттің.
Ақ қысымның жалығып ызғарынан,
Көкиемімнің жылуын сағыныппын!

Сүңгілерді күншуақ жібіткесін,
Береке мерекеме күліп ке(л)сін!
Әйел - Ана, гүл қыздың қуанышы,
Ұлықтамау бұ күнді жігітке сын.

Қазағым думандатып күн өткерген,
Айтайық анаға алғыс жүректерден.
Тәңірім бағын, барын айырмасын,
Жайықтың ерке қызы Жібектерден.

Қылығымен айналған аты аңызға,
Киелі төрін берген атам қызға.
Өнегелі тәрбие, тәлім көрсін,
Дарысын қарттар берген батамыз да.

Қарлы сең сай-салаға жайса етегін,
Тоңды жарар алғашқы бәйшешегім.
У да шу, сәби күліп, қарт қуанып,
шат шадыман көңілі әр шешенің.

Жүректерді алғанда күй еншілеп,
Отырайық Тәңірдің сыйын тілеп.
Ғұмырлы боп ата-ана, ұл қыздары,
Бар қазағым қуансын "сүйіншілеп"![/color][/b][/i]
(Д.ӘМІР)
Ал мынау менің сіңлім :)
]Айка сіңліңнің суреті әдемі шығыпты** :)
Мынау менің әпкем, Есімі Акерке
Мынау менің жеңшем, Есімі Бақыт
Айтпақшы бұл байқаудың шешімі қашан шығады?
Бауырым бақытым сен.

Менің әпкем, Павлодар қаласының тұрғыны.4 баланың анасы, егіздерді дүниеге әкелген әпкем.
Жалғастырамыз ! Тоқтамаймыз! ;)
Айка қалыңдық, өзіңнен үміт үздік, сіңліңмен таныстырсай :)

Тау Ұлы одан да үмітіңді үзе ғой)))
]Айка сіңліңнің суреті әдемі шығыпты** :)

Рахмет. Өзіме ерекше ұнайды