8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі
Құрметті Массагет порталының қолданушылары! Халықаралық әйелдер мерекесіне орай сайтымызда да ұлан-асыр той болғалы жатыр. Ешбір атаулы күн мен айтулы мерекені қалт жібермейтін Массагет.кз ойын-сауық порталы 8-наурыз мерекесінде де сіздермен бірге болмақ. Сайтымызда жаряланып жатқан дүниелердің бәрі де сіздер үшін екендігін айта отырып, сіздерді қызықты байқауға шақырамын. Оның түк те қиындығы жоқ. Бар қызық форумда болғалы тұр. Мереке қарсаңында нәзік жанды арулар мен аналардың төбесін көкке жеткізейік.
1. Фотографтар байқауы.
Осы бетке төмендегі тақырыптар бойынша әдемі де, сапалы суреттер жолдаңыздар. Байқау мәресіне жеткен кезде әр тақырыптан бір-бір сурет таңдалады.
"Менің анам - алтын..." (Анаңыз, әжеңіз, кіндік шешеңіз)
"Сен маған сүюді үйреттің" (сүйікті қызыңыз, жарыңыз)
"Дәл өзіңдей болса ғой жеңгелердің барлығы!" (Жеңгеңіз)
"Бауырым, бақытым сен!" (қарындасыңыз, әпкеңіз)
2. Ақындар байқауы.
"Өмірдің мәні - әйелде" деген тақырыпта ару аналар мен нәзік жанды қыздарға арналған өлеңдерді жариялаңыздар. Бір қолданушы тек бір ғана жыр ұсына алады. Өлеңдер кәсіби тұрғыда тексерілетін болады. Сондықтан жыр жазу технологиясында қателіктер жібермеуге тырысыңыздар. Жүректен шыққан жырдың жаманы болмас.
Қорытындысы мен марапаттауын сайтымыздың "Блогтар" бөліміне жариялайтын боламыз.
Іске сәт, достар!
Менің әпкем, Павлодар қаласының тұрғыны.4 баланың анасы, егіздерді дүниеге әкелген әпкем.
Егіздердің мамасымен таныстық)))
мен де білмейді екем, Айнұр әпке айтпағанда
Сонда байқау марапатсыз қала ма??? Өкінішті!
Сонда байқау марапатсыз қала ма??? Өкінішті!
Фотографтар байқауы
Сайысымызға ат салысып қатысқан, өз аналарының, құрбыларының, жеңгелерінің суреттерін жіберген қолданушыларымызды атап өтейік.
"Менің анам - алтын..." сайысында AsEmGuL SuLtAnGaLiEvA;
"Дәл өзіңдей болса ғой жеңгелердің барлығы!" AsEmGuL SuLtAnGaLiEvA, Жансая Тлеулесова;
"Бауырым, бақытым сен!" Айка Б, Айнур Жалиева, Данагүл ӘМІР, Жансая Тлеулесова, Жанат Ахметовты ерекше атағымыз келіп тұр.
Ақындар байқауына қатысқан жалғыз қолданушымыз Данагүл ӘМІРдің керемет өлеңін атамай өтуге болмайды.
Алдында жазылғандай, байқауға қатысушылардың саны аз болғандықтан байқау жеңімпаздарын нақты көрсете алмаймыз. Байқаудың барлық шарттары орындалған да жоқ. Әр тақырып бойыша тек бір ғана сурет жарияланғандықтан сол суретті салған қолданушыны жеңімпаз деп тапсақ әділетсіз болайын деп тұр. Әйткенмен, туыстарының суреттерін жариялап, байқауға қатысқысы келген барша форумшыларға ұяла алғыс айта отырып осындай марапаттау сыйлығын жолдағалы отырмыз.
Сайысқа қатысқан қолданушылар сайтымыздың админдеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.

Менің адресімді Анарка апай біледі,Сол апай жіберсің ехехехехехееххех Күтем тағыда блокнот алып аузым көпіріп қалатын болдығо