8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі

Құрметті Массагет порталының қолданушылары! Халықаралық әйелдер мерекесіне орай сайтымызда да ұлан-асыр той болғалы жатыр. Ешбір атаулы күн мен айтулы мерекені қалт жібермейтін Массагет.кз ойын-сауық порталы 8-наурыз мерекесінде де сіздермен бірге болмақ. Сайтымызда жаряланып жатқан дүниелердің бәрі де сіздер үшін екендігін айта отырып, сіздерді қызықты байқауға шақырамын. Оның түк те қиындығы жоқ. Бар қызық форумда болғалы тұр. Мереке қарсаңында нәзік жанды арулар мен аналардың төбесін көкке жеткізейік.

1. Фотографтар байқауы.

Осы бетке төмендегі тақырыптар бойынша әдемі де, сапалы суреттер жолдаңыздар. Байқау мәресіне жеткен кезде әр тақырыптан бір-бір сурет таңдалады.

"Менің анам - алтын..." (Анаңыз, әжеңіз, кіндік шешеңіз)

"Сен маған сүюді үйреттің" (сүйікті қызыңыз, жарыңыз)

"Дәл өзіңдей болса ғой жеңгелердің барлығы!" (Жеңгеңіз)

"Бауырым, бақытым сен!" (қарындасыңыз, әпкеңіз)


2. Ақындар байқауы.

"Өмірдің мәні - әйелде" деген тақырыпта ару аналар мен нәзік жанды қыздарға арналған өлеңдерді жариялаңыздар. Бір қолданушы тек бір ғана жыр ұсына алады. Өлеңдер кәсіби тұрғыда тексерілетін болады. Сондықтан жыр жазу технологиясында қателіктер жібермеуге тырысыңыздар. Жүректен шыққан жырдың жаманы болмас.

Қорытындысы мен марапаттауын сайтымыздың "Блогтар" бөліміне жариялайтын боламыз.

Іске сәт, достар!

Сәлеметсіздерме!!!Мен мамам мен жеңгемнің суреттерін салмақшымын.
Енді мамам,,
ООО, так мамады апамды суретке түсіруді бастайын. Короче үйдегі қаздардың бәрі кетті списокқа :P
Бауырым, бақытым сен! Сіңілім Айнур, ерекше түсірілген сурет. Адамның көңіл күйін керемет береді
Бауырым, бақытым сен! Мамамның кіндік қызы Нұрай. Менің сіңілім сияқты маған бауыр басып кеткен. Сурет өзіме сондай ұнайды. Сіздерде бағасын бересіздер деп ойлаймын
Айка қалыңдық, өзіңнен үміт үздік, сіңліңмен таныстырсай :)
Бауырым, бақытым сен! Сіңілім - Гүлжанат!
"Бауырым, бақытым сен!"
Бұл менің сіңілім - Айдана БЕРЕКЕТ! (2010 жылдың 8-наурызында түсіргенбіз)
Қап, мен қатыса алмаймын)))