Үй тапсырмасы - жайында сұрақтар "123-ші бет"

в, о, ө, у, ұ, ү әріптері

Ассаламалейкүм!

Төте жазуды үйреніп жүрмін. в,о,ө,у,ұ,ү,ы,і әріптеріне көп шатысамын. Интернеттен бірнеше әліпбилер кездестіргенмін. Араб жазуында да в әрпі жоқ, олар кей шет елдік атауларды оқу үшін үш ноқат фә әрпін қолданады дейді, википедияда. Қырғыз-араб әліпбиінде де осы үш ноқат фә  (ڤ‎) әрпін қолданған. Осман әліпбиі туралы ютубтан қарадым, хат жазған кезде үш ноқатты құсбелғі ұқсатып біріктіріп, екі ноқатты біріктіріп тире сияқты жазған. Осы әріптердің қалай жазылғаны дұрыс болады? Бекітілген әліпби кімде бар?