Cәлеметсіздер ме,құрметті "Массагет" қауымы! Міне,бүгін сіздерге ең алғаш рет сұрақ қойғалы отырмын.Жалпы,"Массагет" сайты- кез-келген оқырманға дұрыс жол сілтеп,әр адамға өмірде өз орнын табуға көмектесетін керемет сайт.Сондықтан мен де өзімді көптен бері ойландырып жүрген сұраққа жауап алу үшін сіздерден ақыл-кеңес алғым келеді.Иә, армансыз адам- қанатсыз құспен тең.Биік белестерге шығып,шыңдарды бағындыруды армандамайтын жан жоқ шығар,сірә! Менің асқақ армандарымның бірі- елімізге белгілі,қаламы қарымды журналист атану.Ал ол үшін осы бастан мақала жазып,шыңдала түсуім керек.Сол себепті сіздерге қояр сұрағым:мақала жазуды неден бастау керек және мақаланы қандай тақырыпта жазған жөн?Және де қандай газет-журналдарға жариялағаным дұрыс болады? Сіздерден жуық арада жауап күтемін!Алдын-ала рахмет!