Авто, Мото - жайында сұрақтар "6-шы бет"

Сәлеметсіздер ме? 
Мен сіздерден ақыл-кеңес сұрайын деп едім. Әйелім екеуіміз үйленгенімізге 2 жыл болды, әзірге баламыз жоқ. Әйеліме әрең дегенде қол жеткізгенмін, ол өте сұлу. Бірақ соңғы кездері оған көңілім толмай жүр. Себебі, түн ортасында ұялы телефонына xабарлама келіп жатады. Кімнен деп сұрасам, құрбымнан немесе актив центрден деп жауап береді. Бір күні ол телефонын үстелдің үстіне қалдырып, ваннаға кіріп кетті. Мен сол сәтті пайдаланып оның телефонындағы xабарламаларды ашып қарап ем, соңғы xабарламада белгісіз бір номерден "кешке "Жерұйық" дәмханасында кездесейік" деп жазылған болды. Кешкі ас ішіп болған соң оның телефонына xабарлама кеп түсті, ол "Құрбыма бір жағдай боп қалыпты, кетуім керек" деді де жиналып шығып кетті. Мен ештеңе демедім. Ол менің көлігімді мініп кетті. Мен не де болса анық көзімді жеткізу үшін артынан аңдығанды жөн көрдім де, такси ұстап ақырын соңынан ере бастадым. Ол "Жерұйықтың" маңына барып тоқтады да көліктен түсіп, дәмхананың сыртында телефонын ақтарып, әлде-кімді күткендей боп тұрды. Мен таксиден түстім де, өз көлігімнің артына кеп тығылдым. Қарасам машинамның доңғалағы әбден тозыпты, жалпы көктемде қыстың доңғалағымен жүре берген дұрыс па, әлде жазғы доңғалақ салып, ауыстырғаным дұрыс па? Қалай ойлайсыздар?