Цукерберг пен Дуров секілді озық ойлы оғыландар қазақта да бар

Цукерберг пен Дуров секілді озық ойлы оғыландар қазақта да бар
Фото: khabar.kz

Әлеуметтік желілерді тиімді пайдаланып, әр сәтті нақты жоспарлап, уақытты өз құлыңыз етсеңіз, алынбайтын қамал, бағынбайтын белес жоқ. Студенттік шағынан бастап жаңалыққа бет бұрып, кіші идеядан үлкен іске жол алған Марк Цукерберг пен Павел Дуров қабілетіне бас шайқамайтын кісі жоқ болар.

Ал біздің елімізде олардың ісіне таңданып қана қоймай, қазақтардың да өздері ойлағаннан көп нәрсеге қарымды екенін дәлелдеген жастар жетерлік. Әке-шешесінің тапқан-таянғанын жастанып жата бермей, ерте қамданған, отызға жетпей орда бұзған оғыландар қатарын атап өтейік.

22 жасар Абылай Жүсіпов Халықаралық бизнес академиясының түлегі. Cov.art таланттар музыкалық алаңы, Queex vine-жобасының жетекшісі, Top Generation Group тілдер мектебінің PR-менеджері, Upgrade Business School кәсіпкерлік мектебінің негізін қалаушы. Инстаграм желісінде оқырманын өзінің кірісі жөнінен хабардар етіп, (Queex арқылы жылына 20 млн теңге) құлшыныс тудыратын сөздерімен жігер жандырады. «Мақсатты қалай құру керек? Алдымен оны орындау қажет. Ең алғашында кіші істен бастаймыз, ақырындап орташасына өтеміз, содан кейін ұлғайта береміз. Биік белесті бір демде бағындырам деу бекершілік. Жаттығу залына бара салысымен бірінші күні 200 келі зіл тасын көтерем десең, одан түк шықпайды. Мақсат қойғанда да дәл осы жайт». Абылай Жүсіпов.

«Бір миллион тапқан адам екінші миллионды да оңай табатынына күмәнім жоқ. Бірақ, өмірлік мақсат ол емес. Адам алдына ақша табудан да жоғары мақсат қоюы тиіс». Бұл сөздің авторы Сүлеймен Демирел университетінің 25 жасар түлегі Асхат Мұрзабаев. Ол Twitter (АҚШ) компаниясында инженер, product-менеджер қызметін абыроймен атқарды, Chocomart.kz техникалық директоры. Barclays банктік тобымен бірлескен жобадан екі миллион доллар тауып, оны рак ауруымен күресті зерттеуге жұмсады. Жоғары қарқынды дамыған үміткерге ең жақсы жұмыс ұсынысын іздеуге бағытталған HiPO.kz сервисінің негізін салды.

Ал 27 жастағы Асқар Аманбай «Бастама үшін қолайлы уақыт деген болмайды. Бірде уақыт жоқ болса, бірде ақша болмайды, енді бірде өзіңе сенімділігің жоғалады, жайлы жағдай тумайды, білім жетіспейді... Айта берсе, әйтеуір, бірдеңе жетіспей тұрады, сыныққа сылтау қашан да табылады. Қолда бары қаншалықты қышқыл болғанына қарамай, лимонад жасай білген жан ғана жетістікке жетеді» дейді. КИМЭП-ті бітірген соң, ұлы жолын ұлы өнерден, музыкадан бастайды. Гитара үйрету мектебін ашып, «Шабыт мектебі» жұмысын дөңгелетеді. Кейінірек музыкалық команданың продюсері болып, «Music Show» ивент-агенттігін құрады. Ары қарай өздігінен білім алу сапарына жол тартып, тұлға ретінде қалыптаса бастайды. «Хобби және ақша» авторлық семинарын жүргізеді, жеке-дара жетістік жаттықтырушысы болып қызмет етеді.

Жалғасы

@. @assel_assanova