- Негізгі бет
- Психология
- Тест: Қаншалықты мұқиятсыз?...
Тест: Қаншалықты мұқиятсыз?
Адам қашанда өзін тануға талпынуы тиіс. Бұл тест сізге мұқияттылық дәрежесін анықтауға көмектеседі.
1. Беймәлім кеңсеге кіргенде ең алдымен не нәрсеге назар аударасыз?
а) үстелдер мен орындықтардың орналасуына;
б) заттардың түзу орналасуына;
в) қабырғада ілулі тұрған нәрселерге;
2. Біреумен кездескенде:
а) тек бетіне қарайсыз;
б) байқатпай басынан аяғына дейін қарап шығасыз;
в) тек белгілі бір мүшесіне ғана қарайсыз (көз, құлақ, мұрын).
3. Көрген пейзажыңыздан есіңізде жақсырақ сақталатын тұсы?
а) түсі;
б) аспан;
в) көрген кездегі қуанған не мұңайған сәтіңіз.
4. Таңертең ұйқыдан оянған кезде:
а) не істеу керегіңізді ойлайсыз;
б) қандай түс көргеніңізді ойлайсыз;
в) кеше не болғанын ойға аласыз.
5. Қоғамдық көлікте отырғанда:
а) ешкімге көз салмастан алдыға жылжисыз.
б) жаныңызда тұрған адамға қарайсыз;
в) жақын тұрған жанмен әңгіме бастайсыз.
6. Көшеде келе жатқанда:
а) көліктерді бақылайсыз;
б) үй құрылыстарына назар саласыз;
в) жүргіншілерге қарайсыз.
7. Дүкен сөрелерінен не қарайсыз?
а) тек қажет болар-ау деген бұйымдарға қызығушылық танытасыз.
б) дәл қазір қажет емес нәрселерді де көресіз;
в) әр нәрсеге бірнеше рет мұқият қарайсыз.
8. Егер үйден бір нәрсе іздесеңіз:
а) қай жерге қоюым мүмкін деген жердің бәрін шолын шығасыз;
б) барлық жерді ақтарасыз;
в) басқалар тауып беруін өтінесіз;
9. Ең жақын достарыңызбен түскен ескі суреттерді көргенде:
а) толқисыз;
б) күлкіңіз келеді;
в) кім түсіргенін еске түсіруге тырысасыз.
10. Сізге бұрын соңды ойнап көрмеген құмар ойынға баруға ұсыныс білдірді.
а) ойнап, ұту тәсілдерін үйренесіз;
б) бірнеше уақыт байқап көрген соң бас тартасыз;
в) мүлдем ойнамайсыз.
11. Саябақта әлдекімді күтіп тұрсыз:
а) жаныңыздан өткен адамдарды көзбен зерттейсіз;
б) ақпарат оқисыз;
в) қиялға берілесіз.
12. Түнде жұлдыздар жымыңдағанда:
а) өз шоқжұлдызыңызды табуға талпынасыз;
б) жай ғана аспанға қарайсыз;
в) мүлдем қарамайсыз.
13. Кітап оқығанда:
а) келген жеріңізді қарындашпен белгілеп қоясыз;
б) ортасына кітапбелгі қыстырасыз;
в) есте сақтау қабілетіңізге сенім артасыз.
14. Көршілеріңіз туралы:
а) аты мен тегін ғана есте сақтайсыз;
б) түрі есіңізде қалады;
в) ештеңе есіңізде қалмайды.
15. Қонаққа әзірленген үстелді көргенде:
а) таң-тамаша боласыз;
б) барлығы орын-орнымен тұрғанын тексересіз;
в) орындықтар түзу тұрғанын тексересіз.
@. @assel_assanova