Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Жаднама / Кітапбелгі жасап үйренейік

Кітапбелгі жасап үйренейік

Кітапбелгі жасап үйренейік

Қазіргі жаһандану заманында интернетке сүйеніп, кітап оқуды екінші орынға қойып жатамыз. Алайда арамызда кітапты сүйіп оқитын адамдар да бар. Кітап оқып, белгі қоюды ұнатсаңыз, төменге көз жүгіртіңіз.

1. Бізге түрлі түсті қатырма қағаз, қайшы, желім, қарындаш, сызғыш, кеңсе пышағы қажет болады.

2. Алдымен қара түсті қатырма қағазды аламыз.

3. Қара түсті қатырма қағаздың артқы бетіне 4 см және 13 см болатын төртбұрыш сызамыз. Дайын төртбұрышымызды қиып аламыз.

4. Қиып алған қағаз бөлігіне суретте көрсетілгендей леп белгісінің суретін саламыз. Одан соң кеңсе пышағының көмегімен кесіп аламыз.

5. Леп белгісі бейнесіндегі кітапбелгіміз дайын.

6. Сары түсті қатырма қағазды алайық.

7. Сары түсті қатырма қағаздың артқы бетіне 5 см және 15 см болатын төртбұрыш сызып, қиып аламыз.

8. Жоғарыда көрсетілгендей көңілді сурет салып, кеңсе пышағының көмегімен кесіп аламыз.

9. Көңілді смайлик кітапбелгі дайын.

10. Күлгін түсті қатырма қағазды аламыз.

11. Төртбұрыш сызып алып, нұсқардың суретін саламыз.

12. Суретте көрсетілгендей нұсқардың тек бағытын ғана кесіп аламыз.

13. Нұсқар кітапбелгі дайын.

14. Алқызыл түсті қатырма қағазды аламыз.

15. Қатырма қағаздың артқы бетіне 5 см және 10 см болатын төртбұрыш сызамыз. Және де төртбұрыштың бастапқы бөлігіне мысықтың құлағының суретін саламыз.

16. Қағазға мысықтың аузының суретін салып, сызылған қарындаштың үстімен кеңсе пышағымен кесіп шығамыз.

17. Мысық бейнесіндегі кітапбелгі дайын.

18. Қызғылт сары түсті қатырма қағазды аламыз.

19. Мұрттың суретін салып, қиып аламыз.

20. Қара түсті қағаздан төртбұрыш қиып аламыз. Екі қағазды желімдейміз.

21. Кітапбелгі дайын.

22. Сіздерге ұнады деген ойдамыз. Кез келген түсті қатырма қағаздарды пайдаланып, өзіңіз қалаған бейнеде жеңіл әрі көңілді кітапбелгілерін дайындай аласыздар. Сәттілік!

 
Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: Massaget.kz
Қосылған күні: 05 шілде 2015, 13:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.