- Негізгі бет
- Психология
- Тест. Жүрек жұмысын...
Тест. Жүрек жұмысын тексеріңіз
Жүрек ауруы жасты да, кәріні де, ұлды да, қызды да аяған емес. Егер жүрегіңіздің жұмысына мән беріп, назар аудармасаңыз, кез келген уақытта өз жұмысын тоқтатуы мүмкін. Ажал сағатына дейін үздіксіз қызмет атқаратын бұл дене мүшесіне де, басқа дене мүшелеріне жасалатын күтім секілді ерекше күтім қажет. Баршамыз жанымыз жабырқаса ең әуелі осы жұдырықтай жүрегімізге салмақ саламыз. Ал осының бәрін көтеретін жүрегіңізді тіпті болмаса жылына бір рет арнайы маманға тексертіп, керекті дәрілер мен дәрумендерді қабылдап тұрыңыз. Ал оған да уақытыңыз тапшы болса, 5 минут уақытыңызды бөліп, төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы өз жүрегіңіздің жұмысын тексеріңіз!
1) Көкірек тұсыңыз немесе жүрегіңіздің айналасынан қандай да бір ауырлықты сезесіз бе?
А) иә – 2
Ә) кейде – 1
Б) жоқ – 0
2) Физикалық ауыртпалықтан соң жүрегіңіз ауыра ма?
А) иә – 2
Ә) кейде – 1
Б) жоқ – 0
3) Баспалдақтан көтерілгенде немесе жылдам жүргенде ентігесіз бе?
А) иә – 2
Ә) кейде – 1
Б) жоқ – 0
4) Жүрегіңіз тым жиі соға ма?
А) иә – 2
Ә) кейде – 1
Б) жоқ – 0
5) Жұмыстан соң аяғыңыздың ісінгенін байқайсыз ба?
А) иә - 2
Ә) кейде - 1
Б) жоқ - 0
6) Көкірегіңіз қысылып, жүрегіңіз жиі алқынып соға ма?
А) иә - 2
Ә) кейде - 1
Б) жоқ - 0
7) Жас кезіңізде тамағыңыз жиі ауырған ба?
А) иә - 2
Ә) кейде - 1
Б) жоқ -0
8) Жүрегіңіз шаншып, сыздап ауыра ма?
А) иә - 2
Ә) кейде - 1
Б) жоқ - 0
9) Қан қысымыңыз жиі көтеріліп кете ме?
А) иә - 2
Ә) кейде - 1
Б) жоқ - 0
10) Көңіл-күйіңіз жүрегіңіздің жұмысына әсер етеді ме?
А) иә - 2
Ә) кейде - 1
Б) жоқ - 0
Жинаған ұпай саныңызды есептеңіз:
5 ұпайға дейін жинасаңыз, онда жүрегіңіздің жұмысына айтарлықтай шағымыңыз жоқ. Жүрегіңіз өз жұмысын ойдағыдай атқаруда.
5-10 ұпай аралығында жинасаңыз, онда жүрегіңізге артық салмақ сала бермеңіз. Жүрегіңізге баса назар аударып, көбірек тынығуға тырысыңыз.
10 балдан жоғары ұпай жинасаңыз, сізге тез арада маманға барып толықтай тексеруден өту қажет. Себебі жүрегіңіз бұдан бөлек ауырлықты көтере алмайды.
Н. Үсенова