Жүрек саулығы жақсы болсын десеңіз...

Жүрек саулығы жақсы болсын десеңіз...
Фото: medicalland.gr

Жүрек мықты болсын десеңіз, жүрек қан тамырлары ауруының пайда болуына қандай факторлар әсер ететінін анықтап алу керек. Оларға экологияның зиянды әсері, күйзеліс, белсенді емес өмір салты жатады.

Экологиялық фактор проблемасын шешу қиынға соғады. Себебі үлкен қаладан кішірек ауылдық аймаққа көшу әркімнің қолынан келе бермейді. Дегенмен, ең болмағанда аптасына бір рет таза ауаға серуендеп шығып тұру керек. Тау, теңіз курорттары секілді экологиялық таза жерде демалыңыз.

Жүрек денсаулығы мықты болуы үшін калий, магний, кальций секілді таза минералдарды тағам мәзіріне қосу керек. Кептірілген жеміс, құрма, қайнаған картоп сияқты пайдалы тағам жеп тұрыңыз.

Белсенді өмір салты жайлы ұмытпағайсыз. Жүгіру, жүру, секіру, физикалық жаттығулар адамның жүрек, қан тамырларын мықты етеді. Би, аэробика, коньки, волейбол, футбол спорт түрлері адам ағзасына өте пайдалы.

Ал күйзеліске келетін болсақ, бұл орайда көп сөздің қажеті жоқ. Себебі күйзеліс – сана деңгейіндегі құбылыс. Демек оны емдеу аса қиын емес. Күйзелістен құтылудың жолын мына сілтемеге өтіп, оқыңыз.

Ф. Абилова