Кей адамдар саналы түрде жалғыздықты таңдайды. Ал біреулер ғашық болғысы келеді, бірақ бұл олардың қолдарынан келмейді. Сіз де ғашық бола алмайтындар тізіміндесіз бе? Оның себебі неде болуы мүмкін екенін оқыңыз.
Сіз бәрі кинодағыдай болу керек деп ойлайсыз
Кей қыздар ұзақ жылдар бойы қарым-қатынасқа түспейді, себебі олар сүйікті романтикалық фильміндегі кейіпкерге ұқсайтын немесе сондай әрекет жасайтын жігітті күтеді. Оның бұл ойлағаны орындалмағандықтан, оның өмірден көңілі қалып, қалған өмірін жалғыздықпен өткізетінін айтады.
Сізге өміріңізге және айналаңыздағыларға деген көзқарасыңызды өзгерту керек. Біріншіден, тірі адамдар кино мен сериалдағы ойдан шығарылған кейіпкерлер секілді мінсіз бола алмайтынын түсініңіз. Екіншіден, ер адам сіздің ойыңызды оқи алмайды, сондықтан қалаған нәрсеңізді ашық сұрап үйреніңіз.
Сізде жақындық қорқынышы бар
Адамның ғашық бола алмауының тағы бір себебі - жақындық қорқынышы. Кей адамдар өздерін сүйікті болуға лайықсыз санайды. Олар шын ғашық бола алмайды, себебі серігінің оны тастап кеткенін күтіп жүреді. Әдетте, бұл проблема балалық шақта жақынынан зақым алған адамдарда болады. Сондықтан оларда айналасына деген сенімсіздік пайда болады.
Бұл проблеманы жеңу үшін өз-өзімен жұмыс жасап, дұрыс емес тұжырымдарды жоққа шығару керек. Барлық адамдарды бірдей деп қабылдамаңыз және оларды бір-бірлерімен салыстырмаңыз.
Ата-анаңыздың сәтсіз тәжірибесін негізге аласыз
Көпшілік адам ата-анасының қателіктерін қайталағысы келмейді. Әсіресе, кішкентай кезінде әкесі мен шешесінің жағымсыз тәжірибесін көрген болса, балада махаббат жайлы қате пікір қалыптасуы мүмкін. Бала махаббатты зақымдаушы және қауіпті нәрсе ретінде қабылдауы мүмкін.
Өмірдің басқа саласына көп уақыт бөлесіз
Сіз қарым-қатынасқа түсуге дайынмын дейсіз де, бірақ ешқандай амал жасамайсыз. Оның орнына жұмысқа немесе хоббиге көп уақыт бөлесіз.
Эмоционалды шаршадыңыз
Егер барлық нәрсеге немқұрайлы қарасаңыз, табысқа жететініңізге сенбесеңіз және әлсіздік сезімімен күресіп жүрсеңіз, бұл сіздің эмоционалды шаршағаныңызды көрсетуі мүмкін. Эмоционалды шаршауға қызық емес жұмыс, күнделікті күйзеліс немесе туыстармен онша емес қарым-қатынас әкелуі мүмкін. Бұлардың барлығы күшіңізді алады, ал махаббат жайлы ойлауға энергияңыз қалмайды.
Күн тәртібіңізді өзгертіңіз және токсик адамдармен азырақ сөйлесуге тырысыңыз. Егер бұл проблеманы өздігіңізбен жеңе алмайтыныңызды байқасаңыз, маман көмегіне жүгініңіз.
Ер адам қандай әйелден кетпейді? Бұл қасиеттер сізде бар ма?