- Негізгі бет
- Психология
- Сіз іздеген 20...
Сіз іздеген 20 жауап
Михаил Литвак – әлемді мойындатқан психологтардың бірі. Ол өзінің жұмыстарында адамдарды ажырата алуға, сонымен қатар өзіңді тануға әрекет ету керектігін сөз етеді. Көптеген өмірлік сұрақтың жауабын табуға септігін тигізетін психологтың 20 кеңесін ұсынбақпыз:
– Ешкім ешкімді тастап кетпейді, жай ғана алға қадам басады. Ал артта қалған адам «мені тастап кетті» деген оймен өмір сүреді.
– Ғылымның мәрмәр тасын мүжіген артық.
– Депрессияға түскен адамда өзін тануға мүмкіндік мол.
– Егер адам өзі туралы жақсы ешнәрсе айта алмаса, өзгелерді жамандай бастайды.
– Егер сіз өзіңіз туралы жақсы ойда болсаңыз, өзгелердің сіз туралы не ойлайтыны неге керек?
– Не қалайсың сонымен айналыс. Рұқсат сұрама. Мүмкін, рұқсат бермейтін болар...
– Түйсіксіз адаммен араласқаннан гөрі, кітаппен сырласқан әлдеқайда артық.
– Жалғыздықты жақсы көру, оған төзу адам санасының дамығандығын көрсетеді. Өйткені, талантымыз жалғыздықта туады.
– Мен сәттілікке бастар жолды білмеймін. Бірақ сәтсіздікке апаратын соқпақ – "бәріне ұнаймын" деген ой.
– Ер немесе әйелдің ойлау жүйесі деген нәрсе жоқ. Тек жүйелі ойлау немесе ойлай алмау деген тұжырым бар.
– Басты жауыңды білгің келсе айнаға қара. Соны жеңсең, өзгенің бәрі түк емес.
– Достарыңмен уақыт өткізген жақсырақ, дегенмен, жауыңмен өткізген уақытың пайдалы.
– Қарым – қатынасты үзудегі басты себеп – өз ортаңды таба алмау.
– Санасыз адам біледі, бірақ қолынан келмейді. Саналы адам барлығын біледі, істей де алады. Сондықтан санасыз сынайды, саналы жұмыстанады.
– Жақсылықты жауыңмен де, досыңмен де бөліс.
– Бақыт іздеп әуре болма. Бақыттың орны – сенің жан-дүниең. Егер өз қабілетіңді дамытып, өзгеден ешнәрсе дәметпесең, бақыттың өзі саған келеді.
– Бақыт – сенің еңбегіңнің жемісі.
– Біреуге өзіңді дәлелдеуге тырыспа. Сен өзің үшін өмір сүр.
– Арман – біздің ішімізде жасырын жатқан қабілеттеріміздің сыртқы дауысы.
– Сәтті қадам жаса: өкпе-наздың барлығы жоғалады.