- Негізгі бет
- Психология
- Сіз – қайталанбас...
Сіз – қайталанбас тұлғасыз
Өмірде табысты, жалақысы жоғары, еш қиындыққа кезікпейтін адамның бақытсыз, беймаза болуы жиі кездеседі. Неліктен? Мүмкін ол адамның табысы оны қуантпайтын болар? Әлде, қолда бар алтынның қадірін білмей ме? Бұл сұраққа жауап тереңіректе жатыр...
Көптеген адам өзін неліктен бақытты сезінбейтініне жауап бере алмайды. Ол сұрақтың кейбір жауабын мына пункттерден табуыңыз мүмкін:
1. Үміттену. Өміріңізде серік, бағдаршам болатын адамды не жағдайды күтуді тоқтатыңыз. Көптеген адам өмірінде бір нәрсені күтумен болады. Бірақ соның не екенін өздері білмейді. Кез келген адам үшін жауапкершілік ауыр жүк есебінде. Қорқынышты билеп, жұрт жүріп өткен жолдан тайып, жаңа жолға аяқ басыңыз. Қандай тәжірибе болса да, ол сіздің жеке әрі қажетті тәжірибеңіз.
2. Бағалану. Көптеген адам өзіне баға бере білмейді. Сондықтан өзгелердің пікіріне, бағасына тәуелді болады. Яғни, күні-түні жұмыс істеу, жаңа қызметті бағындыру, үздік оқуға тырысуы өзгенің бағасын алу мақсатында жасалады. Осы сәтте жақсылап ойланыңыз. Сіздің кішігірім болса да табысыңыз өзіңіздің қуаныш пен мақтанышыңыз болуы тиіс.
3. Салыстыру. Өзіңізді өзгелермен салыстыру – үлкен қателік. Өзіңіздің кейпіңізге біреудің көзімен қарауды доғарыңыз. Сіз – дара, қайталанбас тұлғасыз! Қоғамда қатып қалған «нормаға» сәйкес емеспін десеңіз, бұл өмірден өзіңізді таба алмай өтуіңіз әбден мүмкін. Өз өміріңізді қолға алсаңыз, бақытты өмірге бір қадам жақындайсыз.
4. Бәсекелесу. Біреумен бақталасу өзгенің мықтылығын көре тұра, өзіңді төмен санаудың белгісі. Біздің ішкі эгомыз осындай ойларға итермелейді. Қанша тырмыссаңыз да, бұл әлемде сізден бір нәрсесі артығырақ адам табылады. Өмірдің басты мақсаты бәрінен күшті болу емес, адам болу. Бақытсыз адам өзін бақытты етіп көрсетуге, кедей адам бай етіп көрсетуге тырысады. Ондай тірліктерге уақытыңызды жұмсап, жүйкеңізді жұқартудың еш қажеті жоқ.
Егер өзіңізді таныған болсаңыз, ойланып көріңіз, сіз өзгеруге дайынсыз ба?
Сурет: Алексей Романов
Оқи отырыңыз:
Болашақ жарыңыздың анасымен қалай танысасыз?
"Жақсы әйел жаман ерін хан қылады"
Ф. Абилова