- Негізгі бет
- Психология
- Сүйгендер де қоштасады......
Сүйгендер де қоштасады...
«Ол сенен үнсіз күйде, тыныш қана кетіп қалады. Ең қорқыныштысы – ойламаған жерден кетеді. Тағы бір қорқыныштысы – олар ешқашан қайта оралмайды». Өзінің махаббаттағы қоштасулар жайлы ойын британдық классик Оскар Уайльд осылай түсіндіреді.
Қыз бен жігіттің қарым-қатынасында әртүрлі жағдай орын алып жатады. Махаббатта тек қана сүйіспеншілік дәурен құрмайды. Сүйген адамыңыздың сізге деген сезімі басылмай тұрып та, кез келген уақытта кетіп қалуына бойыңызды үйретуіңіз керек. Өйткені өмір түрлі күтпеген оқиғаға толы. Сүйгеніңіз қандай жағдайда сізді тастап кетуге дайын?
Оған сезімнен де биік нәрсе керек. Оның байлық немесе басқа да рухани дүние болуы мүмкін. Ол үшін сезім маңызды емес. Ол кез келген уақытта қанша сүйіп тұрса да сізбен қоштасатын күнге дайын жүреді және оны қалыпты құбылыс ретінде қабылдайды.
Ол сезімнің құлы емес. Ол сезімге ғана беріліп, жүректің айтқанынан шықпайтын адамдар өмірде көп нәрседен құр қалады деп түсінеді. Тағдырларын сергелдең сезімдердің құрбаны емес деп біледі.
Оның басқа амалы жоқ. Сүйген адамыңыздың табан астында махаббатыңызға қол сілтеп кетіп қалуын басқа амалы болмағандықтан жасады деп те түсінуге болады. Өйткені екі жастың қосылмауына түрлі фактор әсер етеді. Қандай да бір жағдайдың жетегінде кетіп, сезімінің отын сөндіруден басқа амалы жоқ жандарды да түсінеміз.
Ол сүйеді, бірақ бірлескен өмірді қаламайды. Демек, сіз оның ойындағы емес, тек жүрегіндегі жансыз. Бірақ кейбіреулер өмірлік серік таңдау барысында жүрегіндегісіне емес, ойындағысына іздеу салады.
Ол сүйеді, бірақ сүймеуге қатты тырысады. Сондықтан кез келген уақытта сізді тастап кететінін біліп жүреді. Екеуіңіздің қарым-қатынасыңыздың баянсыз боларын бұрыннан біледі.
Ұқсас жазбалар:
Жігіттерге қатаң түрде тыйым салынады!
Жаңа танысқан қызды шығарып салғанда...
А. Әбілхан