Шын ғашық екеніңізді көрсететін 10 белгі
Фото:
pixabay.com
Кейде басқа адамға күшті сезіміңіз бар болса, бұл махаббат па әлде қысқа мерзімді ғашықтық па деп түсінбеуіңіз мүмкін. Өз сезіміңізді түсіну үшін төмендегі белгілерге мән беріңіз.
Шын ғашықтықтың 10 белгісі:
- Бұл адаммен сіз өз-өзіңізбен бола аласыз. Оның қасында ешқандай жағымсыздық сезбейсіз. Сіз оның жанында басқа біреу болып көрінгіңіз келмейді және кемшіліктеріңізді жасыруға тырыспайсыз.
- Басқа қыздарға/жігіттерге деген қызығушылығыңыз жоғалды. Уақытыңызды тек онымен өткізгіңіз келеді. Сізді енді жаңа романдар қызықтырмайды.
- Сіз үшін серігіңіз қызығатын нәрсенің бәрі қызық: олар жайлы бәрін білгіңіз келеді.
- Серігіңіздің сізге жасаған кез келген қамқорлығына қуанасыз.
- Сүйікті адамыңызды отбасыңызбен таныстырғыңыз келеді.
- Сізге оның тек сырт келбеті емес, "біртүрлі" қылықтары мен ерекшелігіне дейін ұнайды.
- Сізге онымен сөйлесу оңай. Оған барлық нәрсе жайлы еркін айта аласыз.
- Сіз онымен мақтанасыз.
- Сіз бұл адаммен болашақты жоспарлағыңыз келеді.
- Келіспеушіліктер сіздің оған деген сезіміңізді әлсіретпейді.
Ер адам қандай әйелден кетпейді? Бұл қасиеттер сізде бар ма? Тексеріңіз!
А. Жапатова