- Негізгі бет
- Психология
- Шешім қабылдай аласыз...
Шешім қабылдай аласыз ба? (Тест)
Батылсыздық кейде адамды тым қиын жағдайларға әкеліп тірейді. Ұсынылған нұсқалардың бірін таңдап, өзіңізді жақсырақ тануға мүмкіндік алыңыз.
1. Сіз үшін өмірде ең маңыздысы не?
А) Әуестік; В) Ықылас; с) Қажеттілік;
2. Сіздің ойыңызша, адамдар не үшін жұмыс ауыстырады?
А) Еріксіз шығарылып жібергендіктен;
В) Жалақы төмендігінен;
С) Өзіне лайықсыз деп тапқан соң;
3. Көңіл-күйіңіз болмаған кездегі әрекетіңіз қандай?
А) Мәселені соңына дейін жеткізесіз;
В) Өзіңіз кінәлі болсаңыз да дес бермейсіз;
С) Болған оқиғаны ойлағыңыз да келмейді;
4. Жұмысты ойдағыдай орындай алмасаңыз:
А) Жасыңыздың сай келмейтінін алдын-ала айтасыз;
В) Шешім шығарғанша қорқынышпен күтесіз;
С) Себебін мұқият түсіндіруге дайындаласыз;
5. Алға қойған мақсатыңыз турасында мәлімет алғанда:
А) Жеңілдікті сезінесіз;
В) Әдеттегі эмоциямен қабылдайсыз;
С) Тәуелділікпен қарайсыз;
6. Ұялшақ адамдарға не ұсынар едіңіз?
А) Тәуекел ететін жағдайдан қашу;
В) Психолог көмегіне жүгіну;
С) Қысылмайтын адамдармен танысу;
7. Түсінбеушілік туындағанда қандай шара қолданасыз?
А) Түсінбеушілік танытқан адамдармен сөйлесемін;
В) Хат жазамын;
С) Біреу арқылы шешемін;
8. Сізде қай кезде қорқыныш пайда болады?
А) Үйреншікті нәрсені әдеттегідей емес деп ойлағанда;
В) Жазаға ұшырағанда;
С) Мәртебеден айырылып қалу қаупі төнгенде;
9. Сіз біреумен әңгімелескенде:
А) Кейде көз қырыңызды басқа жаққа аударасыз;
В) Әңгімелесушінің көзіне тік қарайсыз;
С) Мұқият тыңдап тұрасыз да, көз қиығыңызды басқа жаққа аударасыз.
10. Маңызды әңгіме жүргізгенде:
А) Әңгімелесу ырғағы өзгермейді;
В) Жұрттың назарын өзіңізге аударасыз;
С) Ыңғайсызданып, бір сөзді қайталай бересіз.
Қай нұсқаға көп жауап бердіңіз, санап, қорытындысын оқыңыз.
А) Сіз шешімге келе алмайтын адамсыз (бірақ үзілді-кесілді бұлай деуге болмайды). Әрдайым белсенді және жылдам әрекет жасайсыз. Батыл адамдарды ұнатасыз, олардың қабылдаған шешімдері қорқыныштан емес, сақтықтан деп есептейсіз. Кітап оқығанда, фильмдегі ержүрек адамдарды көргенде, солардың орнында болғыңыз келеді.
В) Сіз өз бетіңізше шешім қабылдай аласыз. Кез келген нәрсе ұнай бермейді. Бірақ бұған қарамастан сізді тәуелсіз, ерекше тұлға деп бағалайды. Сізде жауапкершілік және сезімталдық басым болғандықтан, аса күрделі мәселелерді жиі тапсырады.
С) Сіз шешім қабылдаудан қорқасыз, оқиғаны ойлаудан үрейленесіз. Психологиялық күйіңіз тұрақсыз. Мадақтауға қарағанда, іс-әрекетіңізге сын пікір көбірек күтесіз.
Ұқсас жазбалар:
Өз-өзіңе қараудың тағы бір тәсілі
Аруыңыздың макияжы мінезін айтып береді
@. @assel_assanova