- Негізгі бет
- Психология
- Психологқа кімдер барады?...
Психологқа кімдер барады?
Бұрын психологтардың қызметін абысын-ажындар, жеңгелер, жезделер атқарған. Қазір бұл кісілер бір-бір маман иелері, жақын-жуықтарының сырын, мұңын тыңдап, кеңес беруге уақыттары бола бермейді.
Халық арасында "психологқа психикалық ауытқулары бар жандар ғана барады" деген түсінік қалыптасқан секілді. Бұл қате пікір. Себебі күнделікті тіршілік барысында кез келген жан әртүрлі күйзелісті бастан кешіріп, ірілі-ұсақты дағдарысқа ұшырап жатады. Осындай проблемалар отбасы жанжалына, ішкілікке, тағы басқа келеңсіздікке ұласады.
Психолог – арнайы теориялық білімі және практикалық тәжірибесі бар маман. Сондықтан маманға барып, кәсіби кеңес алудың пайдасы мол.
Кейінгі кезде елімізде психоаналитик мамандар дайындайтын оқу орындары ашылып, осы сала мамандарының көбеюіне әсер етіп отыр.
Психолог пен психоаналитиктің арасында айырмашылық бар. Психолог − адам санасындағы, ал психоаналитик − адамның бейсанасындағы мәселелерімен айналысады.
Психоаналитик осы мәселелердің туындау себебіне терең талдау жасайды. Сол кезеңге оралта отырып, күйзелістен шығуға көмектеседі.
Бір қуантатын жайт, қазір әрбір мектепте екі психолог, әлеуметтік педагог бар. Бұл – мектеп ұжымы үшін де, ата-аналар мен оқушылар үшін де үлкен көмек.
Бұл кісілер сіздің құпияңызды, жан жараңызды ешкімге айтпайды. Екеуіңіздің араңызда ғана сақталады. Ғаламторда, тағы басқа ресурстардағы кеңестерден айырмашылығы: сіздің жеке басыңыздың ерекшелігін ескере отырып, тікелей жұмыс істейді.
Ал сіз психолог маманға өз сырыңызды айтар ма едіңіз?
Сурет: psicogiuridico.blogspot.com
Оқи отырыңыз:
Жігіттерге қандай қыздар ұнайды?
Ф. Абилова