Өзгелердің мұңы мен қуанышын бөлісе білу – бақыт

Өзгелердің мұңы мен қуанышын бөлісе білу – бақыт
Фото: amur.kz

Мақсатқа жету үшін кедергілерді бұзып өту керек. Бірақ «бәрін жеңемін» деп күшіңіз сарқылуы мүмкін. Сізге демеу болатын сүйеу, жол бағыттар ақылшы – ол сіздің санаңыз, танымыңыз. Сананың мотивацияға бай болуы әрекеттеріңізге байланысты. Мына кеңестерді оқып, өзіңізді жігерлендіріңіз. 

1. Кофе. Ол ми қызметін жақсартады, бірақ ұзақ емес. Көп ішпеуге тырысыңыз.

2. Сурет салыңыз, сызыңыз. Егер бір мәселені ойлап отырсаңыз, оны параққа түсіріп, мәселені өзіңізше бейнелеп көріңіз. Бұл әдіс тығырықтан шығуға және есте сақтау қабілетін жақсартуға көмектеседі.

3. Ақылды, талантты адамдар туралы көп ойлаңыз. Олар туралы көп білгеніңіз сізге қанат бітіреді. «Осы адам секілді мен де тұлға бола аламын» деп, өзіңізді қайрай аласыз. 

4. Ақымақтар туралы ойламаңыз. Бұл кері әсер етуі мүмкін. 

5. Өзгелермен сөйлесіңіз. Өзгелердің мұңы мен қуанышын бөлісе білу де  бақыт. Бұл сізді жалғыздықтан құтқарады.
  
6. Физикалық қозғалыс керек. 

7. Классикалық әуендерді жиі тыңдаңыз. Басқа әндер сізді алаңдатуы мүмкін. Ойыңыз сан-саққа бөлінбеуі үшін классикалық арнаға ауысқаныңыз абзал. 

8. Скрипкада не фортепианода ойнауды үйреніңіз. Белгілі бір аспапта ойнау, соның ішінде классикалық музыканы орындау мидың қызметін арттырып, жаныңызды тынықтырады. 

9. Ұсақ-түйекке уақыт жұмсамаңыз. Уақыт ұрлату – сіздің мақсатыңызға жетудегі басты кедергі. 

10. Ұйқыңыз қанық болсын. Ұйқының уақытын сақтаңыз. Артыққа бармай, кемге салынбай ұйықтаңыз. Ұйқысыздыққа бой алдырмаңыз! 

11. Өз-өзіңізе сенімді болыңыз! Өзіңіздің сенімді екендігіңізді өзгелерге таныта алсаңыз ғана оларды сендіре аласыз. Өзгелер сізге үмітпен, сеніммен қарайтын болады. 

12. Айналадағы адамдар сіздің киім киісіңізге, жүріс-тұрысыңызға қарап, сізге баға береді. Егер сіз халық қалаулысы атанып немесе белгілі бір топтың басшысы болсаңыз, өзгелердің сіз туралы қалыптасқан алғашқы пікірі маңызды. 

13. Даудан бойыңызды аулақ ұстаңыз. Ерлердің қызуқанды болатыны сөзсіз. Бірақ оппонентіңізге жағдайды «сауатты» адамдарша түсіндіріңіз. Жағдайды «жұдырыққа» дейін жеткізбеңіз. 

14. Сіздің зияткерлігіңізді, психологияңызды тексеретін тесттерді жиі орындамағаныңыз дұрыс. Егер сіз өзіңіз қалаған нәтижені көре алмасаңыз, салыңыз суға кетпесін. 

15. Сіз өзіңізді тауға балаңыз. Бірақ, білесіз бе? Тау желдің әсерінен мүжіледі. Ал сіз «мұқалмайтын, мүжілмейтін таусыз». Осыны ұмытпаңыз! 

16. «Менің қолымнан бәрі келеді». Осы ұстаным сізді алға жетелейді. Бұған күмәніңіз болмасын! 

Г. Берік