Әрбір адам бақытты болғысы келеді. Бірақ кейде адамдар өмірінің мәні кеткендей және керемет ештеңе болып жатпағандай сезіммен ұзақ уақыт бойы өмір сүреді. Сізді де осындай ойлар мазаласа, өзіңізге төмендегі сұрақтарды қойып көріңіз.
Маған не нәрсе жағымсыздық сыйлайды?
Проблемадан арылу үшін оның пайда болуын ынталандырып тұрған нәрсені анықтау қажет. Триггерлер жиі бізге қарсы жұмыс істейді, бірақ оларды анықтап, оларға анализ жасап үйренсеңіз, өмір сапасын біраз жақсартуға болады.
Ол үшін ойларыңызға үңіліп, соңғы кездері сізбен болып жүрген ең жағымсыз нәрселерді еске түсіріңіз. Сол кезде олардың бәрі қандай жағдайда болды және сол кезде таныстарыңыздың ішінде жаныңызда кімдер болғанын анықтай аласыз.
Менің ортам қандай?
Триггерлерге жеткен кезде олардың пайда болуы нақты адамдармен байланысты ма екені анықталады. Егер солай болса, өзіңізден бұл адамдардың сіздің өміріңізде болуы қаншалықты қажет екенін сұраңыз.
Әрине, біз өзімізге жағымсыздық сыйлайтын адамдардың бәрінен арыла алмаймыз. Мысалы, ол әріптесіңіз немесе жақын туысқаныңыз болуы мүмкін. Бірақ күніңізді онымен барынша аз сөйлесетіндей немесе аз кездесетіндей етіп жоспарлап алуыңызға болады.
Сондай-ақ әрбір адамның айтқан сөздерін өзіңізге қабылдай бермеңіз. Ортаңыз жайлы ойланыңыз. Жаныңызда үнемі негативті ойлайтын адамдар жүрген жоқ па? Әрдайым даму үстінде жүрген, өзгеруден қорықпайтын, жаңа дүниелерді зерттегісі келетін ортаға қосылыңыз.
Мені не қызықтырады?
Уақыттың тығыздығынан сүйікті хоббиді тастап кетуге болмайды. Себебі сүйікті іспен айналысу көңіл күйді жақсартады және жағымсыз ойлардан алаңдауға көмектеседі. Сондықтан уақыт тауып, сүйікті істермен барынша көбірек айналысуға тырысыңыз.
Ата-анаммен қарым-қатынасым қалай?
Әдетте, балалық шағындағы реніштерін жеңе алмаған адамдар есейгенде депрессияға ұшырайды немесе өз өміріне қанағаттанбайды. Ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз жақсы ма және барлық реніштеріңізді жібере алдыңыз ба? Егер бала кездегі зақымдарыңызды жеңе алмағаныңызды түсінсеңіз, өз-өзіңізбен немесе маманмен жақсылап жұмыс жасау керек.
Мен қандай өзгерісті қалаймын?
Көпшілік адам бұл сұраққа жауап беруге қиналады, себебі олар өмірдің жағымсыз аспектілеріне зейін қояды да, жағымды мүмкін өзгерістер жайлы ойламай кетеді. Алайда өмір сапасын жақсарту үшін және өзіңізді жақсы сезіну үшін қандай өзгерістер көмектесетінін ойлану керек болады. Алдыңызға жаңа мақсат қойыңыз. Осылайша, өміріңізге мән сыйлайсыз және оған басқаша қарайсыз.
Қошемет сөзді қалай қабылдаймыз? Мына жерден оқыңыз.