- Негізгі бет
- Психология
- Өміріңізді өзгертетін 7...
Өміріңізді өзгертетін 7 әдет
Адам баласы белгілі бір әдет қалыптастырса, ол өмірінің бір бөлігіне айналады. Ендеше өміріңізді өзгертуге септігін тизігетін жаттығуларды ұсынамыз.
1. Суды көбірек ішіңіз. Дұрыс қызмет көрсету үшін денемізге су аса қажет. Ересек адам күніне 2 литр су ішу керек. Су ішудің тәртібін мына жерден толығырақ оқыңыз.
2. Ішіп жатқан сусыныңыздың пайдасын ойлаңыз. "Бұл сусын маған пайдалы ма?" деген сұрақты өз-өзіңізге қойыңыз. Көбіне біз энергетикалық, тәтті сусындарға, алкогольге құмармыз. Оның орнына кәдімгі су немесе көк шай ішіп әдеттеніңіз, бұның ағзаға берер пайдасы зор болмақ.
3. Теледидар алдында, көлікте, жұмыс үстелінде компьютерге қарап отырып тамақ жеуді доғаратын уақыт келді. Бұндай кезде сіздің бар назарыңыз тамаққа аумайды, сондықтан аузыңызға не салып жатқаныңызды ойлай бермейсіз. Өз-өзіңізден: "Жеп отырған тамағым ағзама пайдалы ма?" деп сұраңыз. Тамақты ауызға салған соң, 20 рет шайнап барып жұтқан жөн.
4. Ұйқыңыз қанық болсын. Дұрыс ұйқы денсаулығыңызға үлкен пайда әкеледі.
5. Өзіңізді жақсы көріңіз. Әр адам сүйікті, бақытты болуға әбден лайықты! Айнаның алдына барып: "мен қандай әдемімін, мен қандай ақылдымын, мен қандай кереметпін!" деп қайталаңыз.
6. Тіс щеткасын ауыстырыңыз. Қарапайым кеңес болып көрінсе де, бұл – өте маңызды әрекет. Әр үш ай сайын тіс щеткасын міндетті түрде өзгерту керек. Бұл сізге зиянды бактериялардың көбеюін болдырмайды.
7. Қарапайым жаттығулар жасаңыз.
- баспалдақпен жүріңіз;
- жуынатын бөлмеде 20 рет отырып-тұрыңыз;
- түскі үзіліс кезінде, орныңыздан тұрып, жүріп келіңіз;
- жұмыстан келген соң, жата кетпей, 25 рет отырып-тұрыңыз;
- тамақ дайындап жатып, үй жинап жүріп билеңіз.
Сурет: zastavki.com
Ұқсас жазба:
Әйел адам туралы қызықты деректер
М. Оңғарова