Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Психология / Өз-өзіңді жақсы көру деген не?

Өз-өзіңді жақсы көру деген не?

Өз-өзіңді жақсы көру деген не?

Өз-өзіңді жақсы көру деген не? Ол – өз-өзіңе деген сенімділік, өзіңе құрметпен қарау және өзіңді бағалау.

Көбіміздің кежегеміз керіп тартып «жоқ, мен бұған лайық емеспін» деген түсінікпен көп нәрседен қағыламыз. Тіпті де олай емес, есіңізде болсын, сіз мынау дүниедегі ең жақсы нәрселерге, бақыт пен қуанышқа толығымен лайықсыз!

Адам өз-өзін жақсы көру үшін не істеу керек?

1. Өз-өзін мақтау

Өз-өзіңізді мүмкіндігінше көп мақтаңыз. Жақсы жасалған жұмыс үшін, дәмді дайындалған тамақ үшін мақтаңыз, бүгін темекі шекпегеніңізді мақтаңыз. Сәтсіз жағдайларды құлағыңыздан асырып жіберіп, нәрселердің тек жақсы жағын көруге тырысыңыз! Ұйықтар алдында тек жақсы дүниелерді ғана еске түсіруді әдетке айналдырыңыз.

2. Өз-өзіңізге сыйлық жасаңыз

Қабағыңыз түсіп, қатты қапаланып отырсыз ба? Өзіңізге сыйлық беріңіз! Ол сыйлық мынадай болуы мүмкін: киноға бару, тәтті түскі ас, жаңа киім-кешек, бір шыныаяқ кофе... Жәй ғана қазір не істегіңіз кеп тұрғанын ойлаңыз! Біз үнемі сүйікті адамдарымызға сыйлық жасауға асығамыз, ал неге өзімізге сыйлық бермеске?!

3. Өз бейнеңізбен сөйлесіңіз

Айна алдына тұрыңыз да, өз бейнеңізбен тілдесіңіз. Өз-өзіңіздің жақсы жақтарыңызды, керемет адам екеніңізді айтыңыз. Тек жақсы нәрселерді ғана айтыңыз. «Менің көздерім қандай әдемі!» немесе «Мен күштімін, бұл қиындықты жеңе аламын!» деген сияқты сөздермен өзіңізге күш беріңіз. Сын айта көрмеңіз! Өзіңізге басқа адамның сын айтқанын қаламайсыз ғой! Бұл жаттығуды айына бірнеше рет істесеңіз, нәтижесі міндетті түрде болады.

Қысқасы, өзіңізді жақсы көре білгенде ғана басқалар сізді жақсы көре бастайды. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: valyaeva.ru

Қосылған күні: 01 ақпан 2014, 17:30
Пікірлер
+0
01 ақпан 2014, 22:22

Өзiмдi мақтай алмаймын. Сыйлықта жасамаппын. Өзiме деп дәрiден басқа ешнәрсе алмаппын. :shock:

+0
02 ақпан 2014, 02:03

Адам озин жаксы кору керек,мактау керек,барлык жаксы нарселерге озин лайык санау керек.озинди тани билу керек.ишки жан дуниесимен тилдесип уирену керек.

+0
02 ақпан 2014, 13:00

Одан ары мақтаншақ боп кетпейміз бе?))

+0
03 ақпан 2014, 12:34

керісінше, мақтаншақ адам өзіне сенімсіз, қоғамнан орнын таба алмай жүрген жандар. Олар өзі байқамаса да өзін көтермелеу үшін еріксіз мақтанады. Жоғарыда айтылғандармен арасы жер мен көктей.

+0
02 ақпан 2014, 17:43

Өзіммен жиі сөйлесемін, сыйлық та жасаймын, мақтауды да қатырамын. Өмір керемет!

+0
02 ақпан 2014, 17:46

Мақтар тұста мақтаған да жөн. Өзіңді.

+0
02 ақпан 2014, 23:32

өз-өзіммен жиі сөйлесемін, айнадағы бейнеммен де диалог көп құрамын. Бірақ қуанғанда емес 8-)

+0
03 ақпан 2014, 12:33

Өркениетті елдерде мұндай әдет, мінез-құлық үйреншікті дағдыға айналғалы қашан. Бізге де әбден сіңсе қоғамда жақсы атмосфера орнар еді.

+1
04 ақпан 2014, 19:04

ӨЗ-өзіңді мақтағаннан, өзгелердің өзімді мақтағанын, ең бастысы мақтауларына лайық болуды жөн көремін...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.