- Негізгі бет
- Психология
- Өмірдің қиындықтары —...
Өмірдің қиындықтары — тағдырдың сыйы
Өмір жолындағы шешімі қиын жағдайлар қабілетіңіз бен мүмкіндіктеріңізді шыңдай түседі. Алдыңыздан есік жабылса, сол жерде отыра қалып, жылап-сықтау керек пе?
Жабылған есік ненің белгісі екенін білесіз бе? Жаңа мүмкіндік. Жаңа бағыт. Жаңа өмірдің белгісі. Қиын жағдай тектен-тек туындамайды.
Қиын кезде адам қандай қателік жібереді?
Өмірде қиын мәселе туындағанда қорқып, бір орында қалатын адамдар бар. Артқа шегініп, өмірдің бұрынғы қалпын қайтаруға тырысатын адамдар бар. Сынақты қабылдап, қиындықтың бетін қайтармай, алға қарай ұмтылатын адамдар бар. Осылардың қайсысы туындаған мәселені тезірек шешеді? Қайсысы сынақтан өтіп, тәжірибе жинайды? Қайсысы өзінің шыңдала түскенін сезініп, бақытты болады?
Сұрақтың жауабын бәріміз де жақсы білеміз. Онда неге қиындықтардан қорқасыз?
Әлі туындамаған, бірақ болжам бойынша алдыңыздан шығуы мүмкін мәселелер болады. Уақыты келмей жатып қашатын «қорған» іздеу дұрыс емес. Неге? Себебі, қорқыныш бар жерге қиындық та көп ұзамай жетіп алады.
Не істеу керек?
Басыңызды көтеріңіз. Терең дем алыңыз. Сіздің қолыңызда, бойыңызда үлкен күш бар. Бүкіл қаланы қуатпен қамтамасыз ете алатын энергия бар. Кез келген мәселені шеше алатын идея бар. Қорқыныш пен үрей (паника) мұның бәрін жоққа шығара бастауы мүмкін. Олардың бетін қайтарып, ішіңізден өзіңізді сабырға шақырыңыз.
©Даша Васильева
Тағдыр сізге өте алмайтын сынақ жібермейді. Шеше алмайтын мәселе бермейді. Тағдыр – сіздің ең жақын серігіңіз. Ең адал жолдасыңыз. Ол сізге тек қажет болатын қиындықтарды жіберіп, сынақтан өтуге жол сілтеп, бағыт көрсетеді. Сенбейсіз бе? Осыған дейін өткен сынақтарыңызды еске түсіріңіз. Алдыңыздан көмек беретін адамдар шықты ма? Жаныңызда демеу болатын адамдар болды ма? Мәселенің шешімі болатын ой пайда болды ма?
Әр қиындық мінез бен қабілетіңізді шыңдайтынын сан рет естіген боларсыз. Бұл сөздің құлағымызға сінгені сонша, жұбату деп қана қабылдаймыз. Ал негізінде, бұл – рас сөз.
Кез келген қиындыққа төтеп беруге күш-қайратыңыз жеткілікті. Кез келген мәселенінің шешімін таба аласыз.
Оқуда, жұмыста қызғанатын, сіздің бетіңізге қарағысы келмейтін, сіздің ақылдылығыңыз бен қайсар мінезіңізді көре алмайтын адамдар болуы әбден мүмкін. Бірі бетіңізге күліп қарай алатын болса, екіншісі көре алмаушылығын айқын танытып, сізге қарауға күш таба алмайды. Бұл да сынақ. Әрине, мұндай ақымақтық көңіліңізге тиюі мүмкін. Жүйкеңізді тоздыртпау үшін энергияңызды шығындамау үшін ренжімеу керек. Ондай адамдардың деңгейі сізден сан есе төмен екенін түсініп, елемеуге тырысыңыз. Ренжіп, кек сақтап, ашуланудың қажеті де пайдасы да жоқ екенін ұмытпаңыз.
Өмір жолында кезігетін проблемалармен алысудың орнына, жайына қалдырыңыз. Ол сізді шыңдап, дамыта түседі. Қиындықты осылай қабылдайтын адам өмірінде биік белестер мен табысқа жетіп, бақытты болады.
Сәттілік тілеймін!
Ф. Абилова