Өмір жолында кезігетін қиындықтарды жеңудің жолы – 3

Өмір жолында кезігетін қиындықтарды жеңудің жолы – 3
Фото: Тимофей Старовойтов

Өткен материалымызда өмірде кездесетін қиындықтарды жеңу үшін не істеу керектігі жайлы жазған едік. Назарларыңызға тағы бірнеше кеңес ұсынамыз.

Басы

Сіз – құрбан емессіз

Сіз жағдайдың, тағдырдың құрбаны емес, өз ойларыңыздың, сөздеріңіз бен әрекеттеріңіздің құрбанысыз. Сізге «жаман болсын» деп ешкім ештеңе істегісі келмейді. Айналаңыздағы ситуацияның негіздеушісі – өзіңіз. Сол себепті сізге қатысты кез келген мәселенің шешімін табу да өз қолыңызда. Ең алдымен ойша «құрбандықтан» құтылу керек. Ол үшін өзіңіздің қандай алып, мықты адам екеніңізді елестетіңіз. Ал проблемаларыңызды нанның ұнтағындай кішкентай, майда бейнесін көз алдыңызға келтіріңіз. Енді қандай сезімдесіз?

Бәрі өзгереді

Ата-ана, ата-әжелеріміз бізді үнемі «бұл да өтеді...» деп жұбатады. Бір мәселе тап болғанда құдды бір сол шұңқырдан жалғыз шыға алмайтындай боласың. Дәл сол мезетте өзіңді жалғыз сезінесің, ал өмірді мәнсіз деп айыптайсың. Алайда, расында да ең қиын, ең ауыр деген жағдайдың өзі де өзгереді. Әрине, әлгі проблема жадымызда естелік болып қалары анық. Дегенмен, ол енді мәселе емес, тәжірибе ретінде сақталады. Сол себепті қандай жағдай болмасын, оның уақытша, өтпелі екенін естен шығармағайсыз.

Бәрі де мүмкін

Ғажайып нәрселер өмірімізде күнделікті болып тұрады. Адамдар ауру сырқаттан жазылып, қиын мәселенің шешімін тауып, өмірлік жарын кездейсоқ жерде кездестіріп жатады. Мұның бәрін сиқыр деп санауға болады. Сіздің де өміріңізде ғажап, сиқырлы жағдаяттар үнемі болып тұрады. Тек соны көре білуіңіз керек.

Іске сәт!

Ф. Абилова