Өмір жолында кезігетін қиындықтарды жеңудің жолы – 2

Өмір жолында кезігетін қиындықтарды жеңудің жолы – 2
Фото: plus.google.com

Кез келген адамның өмірінде отбасы, мансап, қаржы мәселелері туындауы мүмкін. Оның шешімін табудың орнына көбіміз тым көлемді етіп көріп, бос әлектенеміз. Бұл жайлы біз өткен мақаламызда айтқан едік. Қиындықтарды жеңудің тағы қандай жолдары бар?

Басы

Дәл осы сәтті бағалау

Бұл сәт енді ешқашан қайталанбайтынын түсенісіз бе? Өмірдің әр минутында біз үшін маңызды, бағалы нәрсе бар екенін ұмытпаңыз. Мұның бәрі жақын арада естелік болып қалады. Тіпті «бақытсыз» сәттің өзі де болашақта сағынышқа айналады. Бұған әлі көзіңіз жетеді.

Армандарды босату

Көптеген адам арманына жете алмаса, ашуланып, негативті ойға салынады. Өміріңізде бәрі жақсы болсын десеңіз, қалаған нәрсеңізге қолыңыз жетсе де, жетпесе де, бір қалыпты күйде болуыңыз керек. Негативті ойлардан аулақ болыңыз. Сонда ғана сіз шан бақытты бола аласыз.

Қорқынышты билеу

Кез келген адам бір нәрседен қорқады. Бұл заңдылық. Алайда оның да өз пайдасы бар. Қорқыныш адамды жаңа белестерді бағындыруға итермелейді. Себебі табиғатымызға сай біз қиындықтарды жеңіп, бақытты болуға ұмтыламыз. Сонда ғана «табыс пен жеңіс» тәтті болады. Қорқыныш бар болғаны иллюзия екенін ұмытпаңыз.

Қуаныш

Біраз адам өзіне қуануға мүмкіндік бермейді. Тіпті бақытты болу мүмкіндігі барына да сенбейді. Үнемі қиындық көріп, азап шегуге үйреніп қалғандықтан, онсыз өмір жоқ деп ойлай бастайды. Сол себепті дер кезінде мұндай зиянды ойдан арылуыңыз керек. Қиын мәселе – уақытша құбылыс. Оны өміріңіздің бір бөлігі деп емес, сыртқы кедергі деп қабылдаңыз. Содан соң өзіңізге бақытты болуға рұқсат етіңіз.

Салыстыру

Өзіңізді өзгелермен салыстыруды доғарыңыз. Біреу сізден әдемірек пе? Бұл қате пікір. Сіз – ең сұлу адамсыз! Әлемде сіз секілді, сізге ұқсайтын, дәл осындай көздері, құлақтары, бет пішіні, дене бітімі бар адам жоқ. Біреу сізге қарағанда әлдеқайда бай ма? Өзіңізді қызықтыратын іс тауып, сол салада қажырлы еңбек етіп, тапқан ақшаңызды үнемдей біліңіз. Бай, табысты адамдар – оңды-солды ақша шашатын емес, үнемдеп, тек пайдалы нәрсеге ғана жұмсайтын адамдар.

Аталған кеңестерді жадыңызға сақтап, кәдеге жарататыныңызға үміттенеміз. Іске сәт!

Ф. Абилова