- Негізгі бет
- Психология
- Неліктен түсіңізде бұрынғы...
Неліктен түсіңізде бұрынғы жігітіңізді көресіз?
Әдетте, не туралы көп ойласаңыз, түсіңізде соны көресіз деп айтып жатады. Көпшілік түсінде бұрынғы жігітін көрген кезде бұл қарым-қатынасты жаңартуға арналған белгі деп қабылдайды. Түсінде бұрынғы жігітін көрудің мүмкін себептерін Marieclaire.ru-ге психолог Виктория Пархомчук айтып берді.
Жақында болған оқиғалардың қайталануы
Егер жақында бұрынғы жігітіңізді көрсеңіз немесе онымен сөйлессеңіз, сондай-ақ ол туралы достарыңызбен сөйлессеңіз, бұл түсіңіз мидың жақында болған оқиғаларды "қайталағаны" болуы мүмкін. Бұл жерде таңғалатын ештеңе жоқ, біз жақында болған нәрселерді жиі түсімізде көреміз.
Эмоционалдық байланыс
Егер оны түсіңізде жиі көрсеңіз, сіздер әлі де эмоционалдық байланыста болуыңыз мүмкін. Бұл сіздің оны әлі жақсы көретініңізді білдірмейді: оның себебі реніште, айтылмаған сөзде немесе физикалық тәуелділікте болуы мүмкін.
Сезім әлі де бар
Егер шынымен де оны қатты сағынып жүрсеңіз және онымен айырылысқаныңызды әлі қабылдамаған болсаңыз да оны түсіңізде көруіңіз мүмкін. Әдетте, адамдар мұндай түстен қандай да бір мән іздейді. Сондықтан олар түс жору кітаптарын қарайды. Алайда психологиялық тұрғыда мұндай түс жорулар абстарктылы және шынайы болып жатырған нәрсені сирек көрсетеді. Кейбір адамдар түс жоруға сеніп, оның оралуын күтіп жүреді. Сондықтан адам өз өмірін қолға алудың орнына, жауапкершілікті тағдырға іліп қойып, өзі сәттілік орын алғанын күтіп жүреді.
Жалпы бұрынғы қарым-қатынасын жібере алмай жүрген адам, әдетте, бұрынғы жігіті бар түске таңғалмайды. Бірақ егер түсіңізде бұрынғы жігітіңізді көрсеңіз және махаббат хикаяңыз аяқталғанын нақты білсеңіз, одан жасырын нәрсе іздеудің қажеті жоқ: мұны түсіңізге келген естелік ретіндеп қабылдап, содан соң жіберіңіз.
Ер адам қандай әйелден кетпейді? Бұл қасиеттер сізде бар ма? Тексеріңіз!
А. Жапатова