- Негізгі бет
- Психология
- Мақтанба, мақтаныш бол...
Мақтанба, мақтаныш бол
«Жігітке жеті өнер де аз» дейтін дана халқымыз. «Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» дейтін де сөз бар. Тегінде қазақ тілінің фразеологизм сөздігіне мұндай мірдің оғындай ұғымдар жетерлік. Тек әрбірінің мәнін ашып, жөнін білу маңызды. Себебі адамды өлімге апаратын да – сөз, өлімнен арашалап қалатын да – сөз .
Мақтану – кез келген адам бойында болатын жақсы да жаман қасиет. Себебі адам баласы жақсы сөз, алғыс естіген кезде шартты түрде іштей қуанып, өзін ұстай алмайтын деңгейге жетеді. Ал сабыр сақтай білу, қарапайым мінез танытуы ол ерекшелік.
Жігітке мақтанған жараспайды. Қай жағынан алса да жараса бермейді. Істеген ісін білесе, айтқан сөзін алға тартса, ерлігін жыр қылса. Жігітке тек қана еңбек ету керек. Еңбегінің жемісін көрсе, абырой мен атақ өзі-ақ келеді. Тіпті ол оның сыртын айнала жүреді. Жұрт сүйсінеді.
Мақтаншақтық дейтін қасиетті Абай да жақтырмаған. Тіпті өлең жолдары арқылы сынап, «Қара сөздерімен» тоғытып тастаған. Сондықтан болар жігітке жарасатын дүние – қарапайымдылық пен сабырлық. Жігіт мақтанбау керек, оны мақтау керек. Ол елдің де, жарының да мақтанышы болу керек.
«Көп асқанға, бір тосқан» дейтін жақсы сөз бар. Мақтанға алданып, өзін жоғары санаған кез келген адам түбі оңға емес. Тіпті сіз өзіңізден басқа керемет адам көрмей тұрсаңызда да сабырлық сақтаңыз. Себебі сізді де басып озатын адам табылады, сіздің де дәуреніңіз өтеді. Сондықтан барынша сақ әрі ұяң болыңыз!
Білдім дегеніңіз тоғыз, білмейтініңіз тоқсан тоғыз екенін естен шығармаңыз, азамат!
М. Ақан