Лас ойдан тазарудың жолы

Лас ойдан тазарудың жолы
Фото: Zastavki.com

Бүкіл ауру мен қайғылы жағдай миыңызға орнығып алған лас ойдың кесірінен болып жатады. 

Ауырып қалдыңыз ба? Өйткені бір адам сізге жала жапқан. Аяғыңыз тайып кетіп, құлап қалдыңыз ба? Өйткені сіз жайында біреу жаман сөз айтқан. Қатты қалжырап, өмірдің мәнін жоғалтып алғандай күй кешсеңіз, сізді бір адам қатты ренжіткен. Жұмысқа кірісуге батылыңыз бармаса, біреу сізге қолыңыздан түк келмейтінін айтқан. Сіз әлсіреп қалғансыз. Сіздің миыңызды өзгелер жаулап алған. 

Жоғарыдағы жайттың бәрі – психологиялық удың кесірі. У иммунитетіңізді әлсіретіп, қорғаныш күшін бұзады. Өкінішке орай, біз жұрттың ауызына қақпақ бола алмаймыз. Бірақ жүрегіңізге ауыр салмақ салатын сынды тыңдау, тыңдамау – сіздің еркіңізде. Біреумен ұрсысып жатып: "Ауызыңды жап! Ештеңе айтпа!" деп қарсы сөйлесеңіз де, "Ақымақ, маған бірдеңе деп қояды ғой! Әй, бәлем, осыдан көрерсің" деген оймен күніңізді өткізсеңіз, бұл – сіздің ауыр сөздерді қабылдағаныңызды білдіреді. Дұрысы – ол сөзді өзіңізге қабылдамай тастау. Оны қалай жасаймыз? Миыңызды ластаушы адам сізге сөйлеп жатқанда: "Бұл сөз маған ұнамай тұр, демек, оның маған қажеті жоқ!" деп қайталай беріңіз. Қосымша: "Өтірік", "Қызық емес" деп өз-өзіңізге айта беріңіз. Бұл – миды қорғау. Сондықтан оны сыртқа шығармай, өзіңізге ғана айтыңыз.   

Сізді біреу орынсыз сынағанда – Бұл сөз маған ұнамай тұр, демек, оның маған қажеті жоқ!
Сізге біреу жала жауып, кінә таққанда – Бұл сөз маған ұнамай тұр, демек, оның маған қажеті жоқ!
Сізді қорқытқанда - Өтірік!
Сіздің беделіңізге нұқсан келтіретін сөз айтылғанда - Бұл сөз маған ұнамай тұр, демек, оның маған қажеті жоқ!
Айналаңызда болып жатқан жағымсыз жайтты естігенде - Қызық емес!

деңіз.

Бұл бағдарламаны миыңызға орната алсаңыз, өміріңіз әлдеқайда көңілді болмақ. Артық ауыр ойдан арылып, миыңызды тазартасыз, күш-қуатыңызды, білім-білігіңізді пайдалы іске жұмсайсыз. 

Р. Роза