Қыздар неге "жаман" жігіттерді ұнатады?

Қыздар неге "жаман" жігіттерді ұнатады?
Фото: amur.kz

Қандай ару болмасын, жігіт таңдау кезінде өзіндік талаптары болады. Көптеген арудың ойы бір жерден шығады. Әрине, ең бастысы, жігіттің қандай болуына байланысты. Бірақ, қыздардың көп бөлігі "жаман", тентек жігіттерді ұнатады. Неге?

Себебі ондай жігітпен сөз байласатын арулар өз ханзадасының ештеңеден қорықпайтынына тәнті болады. Оның ешкім жасамаған қадамдары одан әрі көңілі құлауына себепкер болады. Ал, мамасының балаларынан сұлулар бұл уақытта қашқақтап, кездесуден бас тартып жүреді. Өйткені өзіндік шешеім қабылдауға қауқары жоқ жігітпен болашағын елестету мүмкін емес. Жалпы "жаман" жігіттерді ұнату ежелден бері келе жатқан үрдіс. Толығырақ айтсақ...

Ежелгі заманда нашар қылықты, бірақ жүректі жігіттер аңдардың шабуылына төпеп беріп, тамақ әкелуден алдына жан салмайтын болған. Олардың батырлығына тәнті болған сұлулар, өзіне қаратуды басты мақсат санаған. Уақыт өте келе заман тынышталып, мұндай ерекше көрінетін жандар тек жаман қылықтарымен ғана ел есінде жүретін болған. Бірақ осындай жігіттерге көбіне қыздардың аңсары ауып тұрады. Мұның сыры неде екеніне ешкім нақты жауап бере алмайды.

Кейде, мына өмірдің заңдылықтары мен күнделікті қарбалысынан шаршап, кішкене де болса сергіп, еркелегісі келген сұлулар үшін мұндай қылықты жігіттер таптырмас жан болар. Бірақ көбіне мұндай жандар қыздарды тек көңіл көтеру үшін ғана пайдаланады. Себебі, қалтасы қалың, болашағынан үлкен үміт күттіретін азаматтар отбасын құру кезінде сұлулардың жүрегін оңай жаулап алып жолы болады. Сұлулар үшін отбасындағы ең бірінші орында берекелі болашақ және ұл-қыздарын жақсы ортада тәрбиелеу. 

Дегенмен әрбір адам болашағын өзі таңдайды. Бірі мол байлықтан бас тартып, сүйген жанымен бірге болуды қаласа, енді бірі махаббатсыз шаңырақ құрады. Сондай кезде "Махаббатсыз дүние бос" деген сөзі еске түседі. 

B. ZHAQSYMBET