Әкесіне көлік сыйлаған жігіттер (Видео)

Әкесіне көлік сыйлаған жігіттер (Видео)
Фото: www.fonstola.ru

"Әке – асқар тау", әрбір жан үшін әкесі қайталанбас ұлы тұлға болып қалары һақ. Оның орны да бөлек. Әкеге қарап тіке сөйлеуге ешкімнің дәті бармайды. Оның қатулы қабағының өзі барлық эмоциясын білдіріп тұрады. Жалғанның қамқоршысы саналатын әке-шеше балаларының бақыты үшін қандай әрекетке де баратыны белгілі. Шамасына қарай шарасын жасайтын мұндай жандар үшін әлемнің қандай кереметін сыйласаң да жеткіліксіз.

Бірақ, бүгінгі қоғамда ата-анасынан болмашы дүниелер сұрап, оларды әбігерге салатын қыз-жігіттер жетерлік. Олардың қолы жетпесе көңілі түсіп ренжитін кездер де аз емес. Сол сияқты керісінше өз бетімен еңбек етіп, ата-анасына сыйлық жасауға құмартып тұратын жандар да кездеседі. Бүгінгі назарларыңызға ұсынылатын бейнеролик иелері өз әкесіне темір тұлпар сыйлап қуантады. Армандап, бірақ қолы жетпеген дүниеге баласының себепкер болуына шаттанған әкелердің әсерлі сәттерін тамашалаңыздар.   

Әрине бұл видеороликтер әкеңізге темір тұлпар сыйлаңыз деген сөз емес. Оларға сіздің сыйластығыңыз бен сыйлықтарыңыз өте қымбат екенін естен шығармаңыз. Сыйлықтың үлкен-кішісі болмайды. Бастысы шын ниетпен жасалғаны.

B. ZHAQSYMBET