- Негізгі бет
- Психология
- Көзден кетсе, көңілден...
Көзден кетсе, көңілден кететіні рас па?
Махаббат – дерт. Бірі мәңгі емделе алмай ауырса, бірі тиіп-қашып, дерттің белгілі бір түрімен ғана кездеседі. Мұны сезімде тұрақтылық және тұрақсыздық деп атайды.
Ғашықтар арасында махаббатты сақтауға және оны бұзуға негізделген түрлі ырым мен түсініктер бар. Мәселен қос ғашық бір-біріне сағат сыйға тартса ұзаққа бармайды деген секілді. Ал бүгінгі түсінік «көзден кетсе, көңілден кетеді». Бұл қаншалықты рас әлде өтірік?
Шынымен солай...
Адамда жақсы көру деген сөз сол адамға жаныңмен берілу, күресу. Қандай жағдай болмасын сол үшін күш жұмсау. Бірақ көз алдыңда жүрмеген адамға сенім арта аласыз ба?
Ендігі ғана бастап кездесіп жүрген қос ғашық үшін бұл басты мәселе. Себебі екеуінің кездесу уақыты аптасына бір-екі рет немесе одан да аз болуы мүмкін. Тіпті күнде кездесіп тұрған күннің өзінде күдік іштей жүретіні анық. Себебі көз алдыңызда болмаған адамның кіммен кездесіп, кіммен сөйлесіп жүргенін білмейсіз. Олай деп ойламаған күннің өзінде оның не істеп жатқанын білу сізге маңызды. Осы түсініктерден келіп орынсыз қызғану және екі жақты айрылысып кетуге алып келеді.
Бұл тек қос ғашықтардың ғана арасында емес, тіпті отау құрғандарғына жиырма жыл болған адамдардың да арасында орын алады.
«Көздіне кетсе, көңілден кетеді». Бұл шындық. Басты себеп қос жанардың ең нәзік дүниеге алданып, ең жылтыр затқа байланып қала беретінінде. Әдемі қызбен қоштасып, бір сұлуды көрген кезде сіз құбылып кетесіз. Әрине ол үшін өзіңді ұстай білу керек. Бірақ сұлулыққа қызықпаған жанар бар ма?
Ең ақыры сүйдім, өлдім деген махаббатың тым әдемі әрі тым пысық болса да алаңдайсыз. «Сұлу әйел – сорың» дейтін де сөз бар.
Айналып келген кезде мына бір мысалмен түсіндіріп көрелік: сіз өзіңізге ең қымбат затыңызды жоғалтып алудан қорқасыз. Оны біреу алып отырса не ойнап отырса не қарап отырса сіз тартып алуға асығасыз. Ал үйде болмаған кезде іштей кім алды екен, кім ойнап отыр екен, кім талқылап отыр екен деп алаңдап отырасыз. Дәл сол секілді сүйіктіңізді алаңдайсыз. Ендеше бұл сөздің жаны бар.
Тұрақсыздардың әңгімесі...
Бұл сөзге сенбейтін, оны мүлде сылтау деп қабылдамайтындар бар. Иә, шынайы махаббатты қалыптастырған, сезімге тұрақты адамдар бұл жағынан әлсіздік танытпайды. Көзден кетсе де жүректе сақтайды және мұны шынайы сезім деп түсінеді. Екі жақта бір-бірін құлай сүйеді, жақсы көреді, сенеді.
«Көзден кетсе, көңілден кетеді» деген сөз өзіне сенімді емес адамдарды әңгімесі. Оны қалай қабылдайды ол солай болады. Махаббат дейтін әлемдегі көз – көз емес, жүрек болу керек. Сүйіктіңіз қай жерде жүрсе де сіз сенім артсаңыз, ол сіздің көңіліңізде болады. Оны ойлайсыз, ұмытпайсыз.
Түйін: екі жақты қарастыра келіп сөздің жаны бар екенін де алға тарттық. Тіпті бос әңгіме деп те сараладық. Шынымен солай десек, сенімнен айрылып, сүйгенімізден айырылып қалуымыз мүмкін. Жалған әңгіме деп қарап жүріп, алданып қалуымыз мүмкін. Құрметті оқырман, сіз ше қалай?