Cізді жігітіңіз не үшін қызғанады?

Cізді жігітіңіз не үшін қызғанады?
Фото: Orer.am

Қыздарға қарағанда жігіттер қауымының қызғаныш сезімі көп талқыға түсетін тақырып. Өйткені олардың қызғанышы ұзаққа созылады әрі терең болады. Мәселен дүкенде қарапайым сатшуы сізге күліп қараса, жігітіңіз қызғануы бек мүмкін. Ал оның себебі неде?

Сүйіктіңіз жолыққанға дейін араласып келген құрбыларыңыз уақыт өте келе жоғалады. Оған себеп жігітіңіздің қызғанышы. Себебі олармен бірге сіздің күліп-ойнап жүргеніңізді қаламайды, қызғанады.

– Көшеде қасыңыздан өтіп бара жатқан жігіттер сізге қарамау керек, тіпті күлімсіремеу керек. Себебі жігітіңіз қызғанады. Қалай? «Ол неге саған күледі?», «Ол кім?», «Бұрыннан танисың ба?» деген секілді сұрақтардың астына алуы ғажап емес.

Ұзақ уақытқа жоғалып кетуге болмайды. Себебі қызғанатын адам бар. Таңертең тұрып дүкенге нанға кетесіз, жолай көршілерді көріп, әңгімелесіп немесе дүкенде кезекте тұрып қалуың мүмкін. Бірақ оны жігітіңіз дұрыс қабылдамайды.

– Жеке суретіңізді әлеуметтік желіде салуға немесе қоғамдық ортада жариялауға болмайды. Себебі жігітіңіз ондайды ұнатпайды. Қызғанады.

Жігіттер қауымы қандай жағдай болмасын, қызғануға дайын тұрады. Себебі олардың психологиялық жұмыс істеу үрдісінде дәл осы жағы басқаруға негізделмеген. Бір сөзбен айтқан кезде олар өздерін ұстай алмайды.

Ал енді сүйіктіңіздің неге қызғанып жүргенін анықтайық:

Психологиялық ауытқу;

Жалғыз қалып қоямын деген қорқыныш;

Бала күнінде алған соққысы (мидан, бастан, денеден);

Жеке өмірге деген көзқарастағы «Мен» ұғымының басымдығы;

Өзін-өзі түсіру, өз бағасын білмеу;

Сүйіктісін жоғалтып аламын деген қорқыныш;

Бос уақыты көп болуы;

Сүйіктісінің шынымен қызғануға апаратын жағдайы;

М. Ақан