- Негізгі бет
- Психология
- Қой жылы туғандар...
Қой жылы туғандар қандай болады?
Қой, яғни 1967, 1979, 1991, 2003, 2015 жылы туғандардың мінезі, тұлғалық қасиеттері қандай болады?
Олар тез тіл табыса алатын, өзгелерді тыңдай алатын, әлемді тануға құштар, адал дос, дана, кеңесші, ой-өрісі кең, сенімді адамдар.
Достық қарым-қатынас
Қой жылы туғандар оларды түсінетін, жаны ашитын дос таңдайды. Өзіне жайлы орын іздеп, қалағанына қол жеткізбесе, ренжіп шыға келеді. Олар мейірімді, бірақ көп жағдайда өз қамын ойлайды. Өзін түсінетін адамға сенімі мен махаббаты шексіз.
Олар адамдарға тез бауыр басып қалады. Қарым-қатынаста проблема пайда болған жағдайда қашқақтамай, шешуге тырысады. Мүмкіндік беретін болсаңыз, қарым-қатынасты жақсы етуге барын салады. Қой жылы туғандар қаржылай тәуелсіздікке ұмтылады.
Бұл жандар кеңседе отырып, жұмыс істеуді өз еркімен таңдамайды. Шығармашылық, өнермен байланысты іске бейім болады. Жаңа нәрселерді тануға құмар. Басқаруды жақсы көрмейді, маңызды шешім қабылдауды ұнатпайды. Адал, шыншыл адамдармен бір топ болып жұмыс істегісі келеді.
Кейбір адамдар тағдырдың болжамына сенсе, кейбірі ішкі дауысының сілтеген бағытымен жүруді жөн көреді. Қалай болған күнде де ертеңгі күннің нәтижесі бүгінгінің шешіміне байланысты екенін ұмытпағайсыз. Әр адамға берілген сана, ой-өріс, шешім қабылдау тәуелсіздігі өз мақсаттарына жетіп, армандарын орындауға көмектеседі.
Ф. Абилова