- Негізгі бет
- Психология
- Қиындықты жеңудің 3...
Қиындықты жеңудің 3 жолы
Көп адам қиын мәселенің шешімін іздеуден, оны күрделендіре түскенді жақсы көреді. Мұнымен қатар, «егер осылай болса», «мұны жасамауым керек еді» сынды сөздерді жиі айтады. Қиындықты дәл осылай еш уақытта шеше алмаймыз. Алдағы уақытта қиын мәселелерді оңай шешу үшін қарапайым үш кеңес ұсынамыз.
Адам әдетте қиындықтарын қалай шешеді? Мысалы, жаңа тоңазытқыш таңдап тұрғаныңызды елестетіңіз. Бұл жерде қиындық жоқ деп ойлап тұрған шығарсыз. Алайда оның кітапшасын оқи бастаған кезде таңдай алмай біраз әбігерге түсесіз. Ішіндегі ең жақсысы қайсысы екен деп ойлайсыз.
Сізде қиындық туындаған кезде, алдымен төмендегі үш сұраққа жауап беруіңіз керек:
1. Бұл қиындықты шешу үшін мен не істей аламын?
2. Бұл қиындықты шешуге тағы кім көмектесе алады?
3. Бұл қиындықты шешу үшін маған қандай ресурстар қажет болады?
Әпкем жақын күндердің бірінде ауырып қалған болатын. Оның жоспары төмендегідей болды:
1. Мен тексерістен уақтылы өтіп, дәрігерлердің айтқанын бұлжытпай орындаймын.
2. Менің ауруханада көмектесуге уәде берген таныстарым бар.
3. Маған ақша мен шыдамдылық қажет болады. Өзім жинаған ақшам бар және біреуден қарызға ала тұруыма болады.
Екінші кеңес. Еш уақытта артыңызға бұрылып қарамаңыз. Қиындық туралы ойлай берудің қажеті жоқ. Тек оның шешімі туралы ойлаңыз. Оны ойлаған сайын жылап, өзіңізді кінәлайтын боласыз. Күш-жігеріңізді босқа сарқылтасыз. Бар энергияңызды оның шешімін іздеуге ғана бағыттаңыз.
Үшінші кеңес. Тақырыптан біраз ауытқуымызға тура келеді. Ол – алдымызға алып мақсат қою.
Егер архитектор болғыңыз келсе, қалаңыздағы немесе еліңіздегі ең сапалы журналиске айналуды мұрат тұтыңыз. Егер дүкен ашқыңыз келсе, оның қаладағы ең жақсы дүкенге айналуына бар күшіңізді салыңыз. Осылай ойлайтын болсаңыз, сіз алдыңыздағы кедергілерді байқамайтын боласыз.
Кезекті мақаламыздан пайдалы ақпарат алып, оны керегіңізге жаратасыз деген үміттеміз.
Сурет: ©Любовь Харламова
Оқи отырыңыз:
Қиындықты жеңу туралы өсиет әңгіме
Еш қиындық көрмей өссем де, мінезім тұйық
ҰБТ. Әр оқушы өзіне лайық қиындықты өткере алады
Қ. Бүйенбай