- Негізгі бет
- Психология
- Кешіре білудің 10...
Кешіре білудің 10 пайдасы
Ашу, ыза, кекшілдік, реніш. Бұлардың арты ешқашан жақсылыққа апарған емес. Біреуден көңіліңіз қалса, оны кешірудің амалын ойлаңыз. Себебі, кешірмеу өзіңізге жаман.
1. Қан қысымын төмендетеді. Ашушаң адамдар басқалардың соққысына оңай ұшырайды. Мұндайда қан қысымын өлшеткен жөн. Мамандардың айтуынша: «Егер басқалар сізді ренжітсе немесе қателік жіберсе, кең пейілділікпен кешіре білсеңіз, ашуыңыз басылып, қан қысымыңыз да қалыпты болады».
2. Рухани жүкті азайтады. Көзі тар адамдардың рухани басымдығы да ауыр болады. Өйткені олар көңіліне бүккен көп ісін ашып-жарып айта алмайды. Көңілінде бүкпесі жоқ кешірімшіл адамдар тұрмыс пен қызметте де көңілді болады. Сондықтан оларға түсетін қысым да аз болады.
3. Қас ойлайтын кісіні дос етесіз. Не істесе де басқаларға қастық ойлайтын, қасақана пәле іздеп тұратындармен ешкім отаса алмайды, егер кешірімшіл болсаңыз, басқалар да сізге кешірімшіл көзқарас ұстанатын болады.
4. Ашуды тежейді. Көңілсіздіктен ешкім де жақсылық таппайды. Сондықтан мүмкіндігінше кешірімшіл болған абзал.
5. Жүрек соғысын орнықтырады. Әдеттегі адамдардың жүрегі минутына 70 рет соғады. Ашуланған кезде, әсіресе, біреумен бет жыртысқан кезде жүректің ритмі тездеп, жүрек қызметі ауырлайды. Сондықтан, кешірімшіл болу жүрек қызметін қалпына түсіріп, көңіл-күйді орнықтырады.
6. Арақ-темекіден аулақ боласыз. Кейбіреулер қатты ашуланса темекі тартып, арақ ішіп құсасынан арылғысы келеді. Бұл денсаулыққа зиян. Ең дұрысы кешірімшіл болып, көңіліңізді кеңге салсаңыз, бұл мәселелер оңай шешілері хақ.
7. Күйіктен, мұң-шерден арылтады. Бірер істің байыбына бара алмайтын іші тар адамдар үнемі мұң басып жүреді. Кешірімшіл болсаңыз, бұл азаптан да аулақ боласыз.
8. Адамдармен тіл табысу оңайлайды. Кейбіреулер бірер іске душар бола қалса, егер өз себебінен болса басқалардан кір іздейді; басқалардың мәселесі болса айқұлақтанып шыға келеді. Мұндай адамдар жүрек ауруына оңай кіріптар болады.
9. Барыс-келісті кеңейтеді. Кешірімшіл, кеңпейіл адамдардың қоғамдық байланысы кең, достары көп болады.
10. Отбасы жарасымдылығын сақтайды. Отбасында ерлі-зайыптылар қатынасы ақаусыз, отбасы байланысының басты дәнекері саналады. Ерлі-зайыптылар бір-біріне кешірімшіл болса, өзара бауырмалдық түсінігі арта түседі. Қазан-аяқ сылдырламайтын отбасы жоқ. Тек кешірімшіл күйді ұстау қайшылықты шешудің кілті болып саналады.
Г. Берік