Жұмыстан айырылып қалу қорқынышы - жиі кездесетін құбылыс. Жұмыссыздардың көбеюі, қымбатшылық және т.б факторлар қуаныш сыйламаса да, жұмыс орныңнан айырылмауға мәжбүрлейді. Психологтардың айтуынша, егер жалақы - адамды жұмыста ұстап тұрған жалғыз нәрсе болса, бұл қауіпті белгі.
Статистика бойынша, жұмысы еш ыңғайсыздық сыйламайтын адамдарға қарағанда еңбектік қызметіне қанағаттанбайтын адамдар жүрек-қан тамырлар ауруларына 2-3 есе жиі шалдығады. Эмоционалды шаршау - қазір екінің бірі үшін таныс белгі. Сондықтан "жұмысыңызда барлығына көңіліңіз тола ма?" деген сұраққа шын жауап беру өміріңіздің барлық аспектісі үшін маңызды.
Нью-Йорк университетінің зерттеушілері жұмысқа қанағаттану мен жеке өмірдің және отбасының амандығының арасында байланыс барын анықтаған. Сондықтан ақшаны таңдаған кезде қызметіңіздің пайдасы ұзақ мерзімге сақтала ма, әлде жоқ па деп ойлану керек.
Психологтар егер жалақы жалғыз аргумент болса, жоғары ақша төлейтін жұмыстың артынан қууды ұсынбайды. Жұмыста процеске қатыстылық сезімі және оның маңызын сезіну керек. Әрине, ол сондай-ақ хоббиіңіздің бірі болса тіптен жақсы.
Сарапшылар мінсіз жұмыс орнын үш құрылымға бөледі: әуестік, мән, жалақы. Егер қызығушылық болса, жұмыстың мәнін табасыз, сәйкесінше, ақша да болады.
Сонымен, негізгі түбінде қандай да бір іске деген ерекше қызығушылық және онымен айналысуға деген мотивация жатыр. Бұлардың болмауы барлық проблеманың бастамасы.
Ал мотивацияның болмауы өмірге жалпы қанағаттанбау, өзін қабылдамау, өз қабілеттерін қабылдағысы келмеу немесе өзін-өзіне сенбеумен байланысты болуы мүмкін. Бұларды жеке тәжірибе, психологқа бару немесе басқа адамның тәжірибесінен үлгі алу арқылы жеңуге болады.
Ал сіз өзіңізге ұнайтын іспен айналысып жүрсіз бе?