- Негізгі бет
- Психология
- Қарттың сөзін тыңда,...
Қарттың сөзін тыңда, жарығым #3
Жарты ғасыр жасаған адам ұрпаққа қандай өсиет қалдырар еді? Қандай кеңес берер еді?
13. Әр нәрсені жеуді доғарыңыз
Еңбек етіп тапқан ақшаңызға денсаулығыңызға зиян тағам, сусын алу — ақымақтық. Фастфуд, алкоголь, газды сусындар, жартылай дайын тағамнан бас тартыңыз.
14. Жылына ең болмағанда 10 кітап оқыңыз
Адамның миы үнемі жұмыс істеп тұруы керек. Алтын уақытыңызды ойын, теледидар, мәнсіз шоуларды қарауға жұмсаудың орнына, оқырмандардың көңілінен шыққан кітап алып, оқыңыз. Оқыған кітаптарыңызға талдау жасаңыз. Автордың астарлы ойын түсіндіңіз бе? Қандай ой түйдіңіз?
15. Саяхаттаңыз
Саяхат адамды өзгертеді. Көп сұраққа жауап табуға көмектеседі. Шабыттандырып, қорқыныш пен күмәннан арылтады. Жиі саяхаттайтын адамдардың өмірі мәнді болады. Өзін бақытты сезінеді.
16. Медитация жасауды үйреніңіз
Медитация жасауға көп уақыт керек емес. Ал пайдасы мол. Талай психологиялық зерттеулер мұның рас екенін анықтады.
17. Өзіңізді ешкіммен салыстырмаңыз
50 жасқа келгенде «жұрт мен жайлы не ойлайды?» деп ойлауды қоясыз. Сондықтан жас кезіңізден бастап өз жолыңызбен жүріп, мақсатыңызға ұмтылуды бастаңыз. Өзгелермен санасып, өзіңізді солармен салыстырмаңыз. Біреудің табысын қызғанбаңыз. Көре алмаушылық танытпаңыз. Сіз – жеке тұлғасыз. Сіздей жан бұл әлемде жоқ. Онда неге біреуге еліктейсіз?
18. Күнделік жазуды бастаңыз
Қуаныш, бақыт сыйлаған сәттеріңіздің көбін ұмытуыңыз мүмкін. Сол үшін әрқайсысын жазып отырыңыз. Күнделік жазумен қатар сурет шығарып, сақтауға да әдеттеніңіз. Вконтакте, инстаграм секілді қосымшаларға сенбеңіз. Болашақта оларды жойып, не вирус жеп, суреттердің жоғалып кетпеуіне кім кепіл?
19. Достарыңызға адал болыңыз
Сізге көмектесетін, жылы сөз айтып, қиын жағдайда қол ұшын беретін, пікіріңізді қолдайтын адамдардан айырылмаңыз. Олар сіздің өмірлік серіктеріңіз. Әрине, кейбірі уақыт өте келе алшақтауы мүмкін. Ондай жағдайда қайғырып, ренжімей, жіберіңіз. Жаныңызда қалатын жолдастарыңызды сыйлаңыз, адал болыңыз. Көңіл көтеріп, ойнап-күліп, уақытты бірге өткізуге тырысыңыз.
Бақытты болыңыз!
Ф. Абилова