Кедергісіз қала дегеніміз барлық тұрғынға жайлы болар инклюзив кеңістік. Урбанистикада бұл түсініктің пайда болғанына көп уақыт өте қойған жоқ, бірақ қазірдің өзінде зор қызығушылық туғызып отыр. Қаланы қалай қолжетімді, қауіпсіз әрі тартымды етуге болады? Jusan-ның Шектеусіз мүмкіндіктер жобасы аясында бұл сұрақты маманға қойып көрген едік.Әнуар Қапанов 2015 жылдан сәулет магистрі, Satbayev University докторантурасының 2022 жылғы түлегі және практик сәулетші. Сонымен қатар, Әнуар жасыл құрылыстан KazGBC аккредитациясынан өткен маман. Қала өміріне бей-жай қалғысы келмеген заманауи маман болғандықтан, сәулетші инклюзияға аса зор көңіл бөледі. Ол заманауи қала ешкімді де бөліп-жармай, бәріне бірдей жасалуға тиіс және оған талпыну керек деген сенімде.