Қала тіршілігіндегі инклюзия
Сәулетшінің кеңестері
Кедергісіз қала дегеніміз барлық тұрғынға жайлы болар инклюзив кеңістік. Урбанистикада бұл түсініктің пайда болғанына көп уақыт өте қойған жоқ, бірақ қазірдің өзінде зор қызығушылық туғызып отыр. Қаланы қалай қолжетімді, қауіпсіз әрі тартымды етуге болады? Jusan-ның «Шектеусіз мүмкіндіктер» жобасы аясында бұл сұрақты маманға қойып көрген едік.
Әнуар Қапанов – 2015 жылдан сәулет магистрі, Satbayev University докторантурасының 2022 жылғы түлегі және практик сәулетші. Сонымен қатар, Әнуар – «жасыл құрылыстан» KazGBC аккредитациясынан өткен маман. Қала өміріне бей-жай қалғысы келмеген заманауи маман болғандықтан, сәулетші инклюзияға аса зор көңіл бөледі. Ол заманауи қала ешкімді де бөліп-жармай, бәріне бірдей жасалуға тиіс және оған талпыну керек деген сенімде.
Әнуар, Қазақстандағы жалпы қалалардың қолжетімділігіне берер бағаңыз қандай – мысал ретінде Алматыны алып қарастырсақ, қалай өмір сүріп жатырмыз?
Батыс елдерінде әлемнің назарындағы мүгедектігі бар белсенді адамдардың саны біздікінен әлдеқайда көп деген стереотип бар, бұл эффект арнайы жасалған қалалық орта арқылы мүмкін болып отыр. Оның арқасында арбамен немесе таяқшамен қозғалатын әртүрлі ерекшелігі бар жандар өзін еркін сезініп, ыңғайлы қозғала алады. Оларға серуендеуге, қоғамдық көлікті пайдалануға, жұмыс істеуге және т.б. ыңғайлы. Бізде адамдардың әртүрлі қажеттілігіне дайын емес қалалық ортада мүгедектігі бар адамдар негізінен үйде отыруға мәжбүр. Бірақ бұл дұрыс емес.
Мысалы, кез келген қалалық мүгедектерге арналған тұрақ орындары тым көп екенін айтады. Бір жағынан, бұл жақсы нәрсе, бірақ екінші жағынан, олар басқа жүргізушілерден кеңістікті «алып қойып жатқан» сияқты көрінуі мүмкін. 10 көлікке арналған автотұрақта екі немесе үш «арнайы» автотұрақ орнатылған және олар сирек қолданылатын нақты мысалдар бар. Әр 25 орынға қойылатын талаптар бойынша мүгедектерге бір ғана орын болуы керек.

Сонда негізгі мәселе неде болып отыр?
Мұндағы мәселе қалалық ортаның жарамсыздығында. Тепе-теңдікті сақтау және барлығына тең жағдай жасау маңызды: мүгедек адамдардың да, бала арбасы бар ата-аналардың да, ерекше қажеттіліктері бар басқа топтардың да қажеттіліктеріне назар аудару. Мүгедектерге арналған тұрақ орындары жағдайында талдау жүргізіп, қажет болған жағдайда көбірек «арнайы» тұрақ орындарын қосуға болады: мысалы, денсаулық сақтау мекемелерінің жанында.
Автотұрақтар инклюзивті қалаға айналдыру жолындағы жалғыз басауруымыз емес. Қатты айтсам, айып етпеңіз, бірақ сіз кейбір алматылық пандустарды пайдалана отырып-ақ мүгедек болып қалуыңыз әбден мүмкін: сәулетші немесе құрылысшылар пандустарды осындай күрделі бұрыштарға немесе қабырғаға тірелген пандустарға орнатқанда не ойлағаны белгісіз. Іс жүзінде «Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңның 25-бабы бар, ҚНжЕ мен ГОСТ бар, онда барлық габарит жазылған және бұл ақпарат ашық жарияланған. Осы стандарттарға сәйкес келсе, қаланың көптеген мәселесін шеше алады және шешуге міндетті. Алайда, халықтың аз қозғалатын топтары үшін нысандарды жобалау кезінде бұл ережелер ескерілмей қалатын жағдай өте көп.

Қалалық ортаның әсіресе қай компоненттері инклюзияда бәрінен маңызды?
Қайталап айтамын, қалалық орта ең алдымен қолжетімді болуы керек. Жайлылық деңгейін пандустар, лифттер, бейімделген тротуарлар, өткелдер және қоғамдық көліктер көтереді. Қоғамдық және тұрғын ғимараттар ерекше қажеттіліктері бар адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып жобалануы керек: дүкендерге, театрларға, мейрамханаларға, мемлекеттік мекемелерге және басқа нысандарға барғанда ыңғайсыздық туындамауы керек.
Амал не, біздің көптеген тұрғын үйлеріміз де бастапқыда адамдардың ерекше қажеттіліктеріне бейімделмеген. Мәселен, кеңес заманында типтік үй құрылысы негізінен аз мобильдігі топтың мұқтаждығын ескере отырып жасалмаған. Бұл үйлерде есіктердің ені 60 сантиметрден аспайды, ал орташа мүгедектер арбасы 10-15 сантиметрге кең. Панел үйлердегі саңылауларды өздігінен орнатуға қатаң тыйым салынады, себебі бұл төтенше жағдайға әкеп соғуы мүмкін. Кіреберістердегі пандустарға да қатысты айтарым – бесінші қабаттан бірінші қабатқа дейін. Оларды пайдалану өте қауіпті.
Біздің қоғамдық санамыз да маңызды компонент. Бірнеше жыл бұрын мамандандырылған автотұрақтар, дәретханалар мен пандустар міндетті болады деп елестетуіміз де қиын еді. Қазір болып жатқан өзгерістер көпшіліктің өмірін жеңілдетеді. Біз өз кезегінде бұл өзгерістерге қарсы болмауымыз керек – бұл жаңа ережелер мен қағидалар шынымен қажет. «Пандус эффектісі» туралы ойлап көрейікші – қысқаша айтсақ, бұл адамдардың кейбір шағын тобына көмектесуге бағытталған шаралар өзінің арнаулы мақсатын орындамайтын жағдайлар. Бұл санатқа нақты пандустар, субтитрлер, арнайы лифттер немесе бағдаршамдар, мәтінді үлкейту функциясы және тағы басқалар кіреді.

Қалалық ортаны адамдардың қажеттілігіне икемдеу шараларын асықпай, бірте-бірте реттеуге бола ма, әлде бұған жаппай, кешенді шаралар қабылдау қажет пе? Неден бастауымыз керек?
Біздің қоршаған ортаны ерекше қажеттіліктері бар адамдарға бейімдеу әрекеттері қазірдің өзінде жасалып жатыр. Серуендеу кезінде қаланы арбамен аралап жүргеніңізді елестетсеңіз, мүгедектер үшін белгілі бір жағдайлар жасалғанын байқауға болады: бірдей пандустар, тротуарларда көру қабілеті нашар адамдарға сезімтал жабын немесе ескерту бағдаршамдары осы санатқа кіреді.
Көбінесе біз мұны байқай бермейміз, өйткені біздің заманымыздағы қалалық орта негізінен жалпы адамдар үшін нашар бейімделген. Ал егер кешенді жаппай шараларды бастап кетсек, жағдай одан да нашарлауы мүмкін. Мәселе мынада, шешімдерді әзірлейтін мамандар кейде не істеп жатқанын түсінбейді. Олар әрқашан құзыреттілікке, ақшаға немесе тәжірибеге ие бола бермейді. Көбінесе кейбір инновацияларды байқап жасау керек. Сондықтан бір жерде жақсы мысалдар бар, бірақ бір жерде қалағанымыздай нәтиже көре бермейміз.
Мұндай әсерден аулақ болу үшін сенімді сарапшылармен кеңесіп, осы объектілерді пайдаланатын адамдардың пікіріне құлақ асуыңыз керек. Егер дизайнерлер өздері велосипедпен жүрсе, сосын олар өзі мақұлдаған велосипед жолдарымен жүріп көрсе жақсы болар еді. Пандустарды да осы принциппен жасау керек – арбаға отырып, осы пандуспен өзіңіз жүргізіп көріңіз. Бұл пайдалануға жарамды ма, әлде көзбояушылық па – бірден белгілі болады.
Мұндай проблемалар барлық жерде кездеседі. Тіпті танылған сәулетшілер де белгілі бір топтардың қажеттіліктерін ұмытып кетеді. Әлемдегі ең танымал сәулетші Сантьяго Калатрава Венецияда көпір салу кезінде мүгедектерге арналған пандус жобалауды ұмытып кеткен екен. Ол сотқа тартылып, істе жеңіліске ұшырады, осылайша өз есебінен мүмкіндігі шектеулі топтарға лифт салуға мәжбүр болды.

Алматыдағы инклюзия ортасында көз көріп жүрген проблемаларды қалай шешу керек деп есептейсіз?
Менің көзқарасым – әрқашан басқалар туралы көбірек ойлау. Егер біз бар проблеманы мүгедек адамдардың көзімен қарай бастасақ, онда олар кейде қандай қиындықтарға тап болатынын көреміз. Біз қарапайым ақиқатты естен шығарып аламыз, бұл – бізге ыңғайлы нәрсе әрқашан басқаларға ыңғайлы бола бермейді.
Менің ойымша, барлығына ыңғайлы болатын қала үшін кешенді шешімдерді әзірлеуге көбірек көңіл бөлу керек. Мәселен, жол жиектері мен арықтарды жылына бірнеше рет ауыстырудың орнына, шынымен түйткілді мәселелерге назар аударған жөн. Тек өз мүдделерімен шектелмейтін қоғамның шын мәнінде инклюзив болуға барлық мүмкіндігі бар.