- Негізгі бет
- Психология
- Жігітіңізге мұндай сөздерді...
Жігітіңізге мұндай сөздерді ешқашан айтпаңыз
Қыз бен жігіт арасында түсініспеушілік жиі болады. Оған мына сөздер себеп болуы мүмкін. Осы сөздерді еске сақтап алыңыз да, жігітіңізге ешқашан айтпаңыз.
«Менің көзім (ернім, тісім, аяғым) әдемі емес пе?» Ол сізді таңдады. Ендігі жерде мұндай ақымақ сұрақтармен жігіттің басын қатырып, мезі етпеңіз. Жігіттер өзіне сенімді қыздарды жақсы көреді.
«Болмайтын футбол (хоккей, бокс). Мұны көргенше киноға барғанымыз артық еді. Сіз мұндай сөзбен жігіт талғамына деген құрметсіздігіңізді көрсетесіз. Екі жарты бір бүтін болған соң оның сүйікті ісін сүймесеңіз де, уақытты бірге өткізуге тура келеді.
«Мүмкін, шашыңызды былай етіп қидырармыз?» Өзі сізден кеңес сұрамаса, сыртқы келбетін өзіне қалдырыңыз да, қалай бар – солай қабылдаңыз.
«Менен не өзгеріс байқап тұрсыз?», – дейсіз жаңа маникюр жасатып келгенде. Жігітіңіз сіздің жаңа далабыңызға дейін байқап қоятын құрбы қызыңыз емес. Оны майда-шүйдемен мазалап, жүйкесін жұқартпаңыз.
«Менің бұрынғы жігітім маған өлеңдетіп түрлі-түрлі sms-тер жіберіп тұратын еді». Бұрынғы жігітіңіз туралы мүлдем жақ ашпаңыз. Жақсы болсын, жаман болсын – кеткен адам кетті, өткенді қайтармақ жоқ.
«Достарыңызды не мені таңдаңыз!» Мұндай таңдау қойсаңыз ешқашан сізді таңдамайды. Жігіттер достығы қыздарға қарағанда берік әрі шынайы. Сізден мұндай сөзді естісе, «мені сыйлайтын қыз маған қымбаттыларды да сыйлауы тиіс еді» деп ештеңеге қарамай қарым-қатынасты үзе салуы мүмкін.
«Мен басқалар сияқты емеспін!». Бұл сөзді ол бұрын да әлдекімдерден жиі естіді. Сізді өзгелерден ерекше деп таныған соң таңдады, енді өзіңіз қайталай берудің қажеті жоқ.
«Осылай етуіңіз керек». Өзін бірнәрсеге міндеттеп, бұйық берілгенді кез келген ер адам жек көреді. Оның орнына «осылай етсеңіз қайтеді», «мынаны істей аласыз ба» деген секілді жұмсақ сөздермен жеткізіңіз.
«Сіз мені сүйесіз бе? Сүйемін деңізші». Сезімін сұрап жалынбаңыз. Егер сезінбей жүрсеңіз өзіңізді де, оны да алдамаңыз.
«Саған менің құрбым ұнай ма?». Бұл да қай күні айырылып қалам деген үреймен өмір сүретін сенімсіз қыздың сұрағы. Болымсыз қызғанышпен араны ажыратып алмаңыз.
«Айттым ғой сізге». Өтіп кеткен іске өкініп, қайта-қайта қателігін есіне салып, ашуына тимеңіз.
«Қайда жүрсіз?». Ол сізге кейін түсіндіретінін айтса, өзіңізді қоярға жер таппайсыз. Сабырға келіп, ашуды ақылға жеңгізе біліңіз. Ерлер отырған-тұрғанына есеп беріп жүруді ұнатпайды. Олар мәңгі еркіндікті сүйеді.
@. @assel_assanova