- Негізгі бет
- Психология
- Жалқаулықтан шыққан өнертабыстар...
Жалқаулықтан шыққан өнертабыстар
Табиғатымыздан жалқау екенімізді мойындайық. Еріншектік туралы мойындаған мақаламыз да шыққан еді. Жалпы жалқаулықтың қозғаушы күш екені рас. Қандай да бір өнертабыс адамның өмір сүруін жеңілдетеді десек, онда жалқаулықтың тіпті де жаман қасиет емес екенін сеземіз.
Сонымен, еріншектіктің арқасында пайда болған өнертабыстарды айтайық:
1902 жылы күйеуі мен әйелі автокөлікпен ұзақ жол жүреді екен. Жаңбырлы әрі тұманды даладан жолдың көрінбеуіне байланысты әйелі терезеден басын қылтитып алып (ол кезде көлік жәй жүреді емес пе) айтып отыратын көрінеді. Бірақ пысық әйел мәселенің шешімін таба білді. Мэри Андерсен есімді әйел бұл кезде терезе сүрткіш (дворник) жасап, кейіннен патенттеп алды.
Procter & Gamble компаниясының жетекші химик-маман Виктор Миллз немерелі болады. Екі бірдей сәбидің іш киімін жуу ісі оған тапсырылған кезде оның қуанышы су сепкендей басылады. Бірақ көп өтпей-ақ ол қазіргі барлық ата-аналар пайдаланып, ықыласпен рахмет айтатын өнертабыс ойлап тапты. Ол – памперс.
Бетти Несмит қарапайым редакцияның қарапайым корректоры (қате түзеуші) болып жұмыс атқаратын. Күндердің күнінде ол қателері айдақ-сайдақ етіліп түзелген мақалалардан шаршаған кезде ойға батады. Бұл ой оған тез кеуіп қалатын, аппақ сұйықтан жасалған – «корректорды» ойлап табуға көмектеседі.
Рэй Томлинсонға бәріміз де қарыздармыз. Ол кеңседегі барлық жұмысшыларға хат тасумен айналысушы еді. Әбден титықтаған ол электронды хат ойлап табады. Бірінші кезекте электронды хат тек бір ғимараттың ішіндегі компьютерлерге тарала алатын болса, кейінде біздің күнделікті қолданып электронды жүрген хатымызға айналды.
Автомат-караокені Жапонияның бір барында жұмыс жасайтын Иноуэ Дайсукэ ойлап тапқан. Ол көптеген әндердің мәтінін жаттай бергісі келмегендіктен караокені ойлап тауып, кейіннен патенттеп алды. Өнертапқыш мұны тек ерінгендіктен ғана жасағанын мойындаған екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: blogocar.net
А. Құлтай