Жалғыздықтан құтылу жолы

Жалғыздықтан құтылу жолы
Фото: ag-sistem.ru

Айналамызда туған-туыс, дос-жаранымыз көп болғанымен өзімізді жалғыз сезінетін сәтіміз де жетерлік. Мұндай жайды әркім сыңарымен, жұбымен кеткенде жиі сезінеміз. Жүрегіңіздің жартысын толықтыру үшін сізге достарыңыз, отбасыңыз мүлде әсер етпейді. Себебі олар сіздің тек жақындарыңыз болып есептеледі. Ал, бір жастықта қартайып, үлкен отбасына айналып, әрқашан жақсы көретін жаныңыздың қасында болу үшін, өмірлік серігіңізді қазірден бастап тапқан дұрыс. 

Қазір сіз жассыз, маңайызда жақындарыңыз бар, олармен футбол көріп, түрлі сауық-сайран құратын жерлерде жүріп өзіңіздің жалғыздығыңызды жиі сезінбейсіз. Уақыт өте келе, олар да өздерінің отбасын тауып бір үйдің отағасына айналары сөзсіз. Сол уақытта сіз оларды қалаған кезде қасыңызға шақыра алмайсыз. Міне, күйзелістің нағыз шарықтау шегі сол кезде басталады. Жасыңыз болса біразға келген, ұнатқан қызыңызбен танысуға жүрегіңіз дауалмайды. Онымен танысқан күннің өзінде саябақта қыдыруға, кино көруге, басқа да қызықты жерлерге бару сіз үшін жай балалық болып қалады. Сүйіктіңіз өзінің жас екенін, еркелеп, наздана білетінін сезінсе де, жасыңыз келе сіз өзіңізді олай ұстай алмауыңыз мүмкін.

Екіншіден таңертең ерте тұруға тырысыңыз. Күн қарауытқанға дейін жатып, жастықтан бас алмайтын болсаңыз, онда мимен әрекет жасау жолындағы еңбекқорлығыңыз бірте-бірте сөне бастайды. Жұмыста белсенді болуға тырысыңыз. Әр нәрсені жаңа қырынан көруге ұмтылыңыз. Спортпен шұғылданыңыз. Мұның барлығы болашақтағы жалғыздықтан туар жабығыңқы көңілдің алдын алу үшін дәрумен болады.

B. ZHAQSYMBET