- Негізгі бет
- Психология
- Ғашық болуға мәжбүрлейтін...
Ғашық болуға мәжбүрлейтін 36 сұрақ
Фото:
ЖасАтырау
Бейтаныс екі адам алғаш танысқанда бір-біріне жақсы әсер қалдыра алуы тиіс. Сондықтан мына сұрақтарды жаңа танысқан адамыңызға қойсаңыз, өкінбейсіз.
1-БӨЛІМ
- Егер сізде кешкі асқа шақыру мүмкіндігі болса кімді таңдар едіңіз?
- Атақты болғыңыз келе ме?
- Қоңырау шалмастан бұрын сөйлесетін сөзіңізді алдын ала дайындап алушы ма едіңіз? Неге?
- «Мінсіз күн» сіз үшін қандай?
- Соңғы рет жалғыз қашан ән салдыңыз? Ал біреуге арнап ше?
- Егер 90 жасқа дейін өмір сүру мүмкіндігі туып, соңғы 60 жыл ақыл-есті сақтау немесе 30 жасар тәніңізді сақтау деген таңдаудың бірі туындаса, қайсысын таңдар едіңіз?
- Қалай көз жұматыныңыз туралы ойлап көрдіңіз бе?
- Сіздің бойыңыздағы негізгі үш қасиетті атаңыз.
- Өмірде неге ризасыз?
- Егер мүмкіндігіңіз болса, тәрбиеңізді өзгертер ме едіңіз?
- 4 минуттың ішінде өзіңіздің өмірлік оқиғаңызды баяндап беріңіз.
- Ертең ұйқыдан тұрғанда ерекше қабілетпен туар болсаңыз, нені таңдар едіңіз?
2-БӨЛІМ
- Егер қолыңызға шындықты айтатын тас түссе, нені білгіңіз келер еді?
- Нені армандайсыз? Неге арманыңыз шындыққа әлі айналмады?
- Өмірлік жетістігіңіз не?
- Достық қарым-қатынаста сіз үшін ең құнды нәрсе.
- Ең қымбат естелігіңіз қандай?
- Ең орынсыз естелігіңіз ше?
- Достық деген не?
- Махаббат пен нәзіктік сіздің өміріңізде қандай рөл атқарады?
- Өзіңіз бағалайтын адами қасиеттер қандай?
- Отбасыңызда жылулықты сезіндіңіз бе?
- Анаңызбен қарым-қатынасыңыз қандай?
- Әке деген ұғым сізге нені білдіреді?
3-БӨЛІМ
- Сіз дәл қазір қандай сезімдесіз?
- Жалғастырыңыз: «...... бөлісу үшін жанымда жақын адамның болғанын қалаймын»
- Сіздің досыңыз сіз туралы нені білуі тиіс?
- Кездейсоқ танысыңызға айта алмайтын сөзді айтыңыз.
- Өмірде қатты ұялған сәтіңіз.
- Қашан көзіңізге жас алып едіңіз?
- Өзіңіз бағалайтын қасиетті атаңыз.
- Сіздіңше әзілдеуге келмейтін салмақты тақырып қандай?
- Егер ешкіммен сөйлеспей өлуіңіз мүмкін жағдай туса, неге өкінер едіңіз?
- Сіздің үйіңіз өртенуде, ішінде туысқандарыңыз бен үй жануары бар. Құтқаруға уақытыңыз бар. Нені алып шығар едіңіз? Неге?
- Кімнің өлімі жаныңызды жаралар еді?
- Жеке мәселелеріңізді басқа қалай шешуге болатын еді?
Сынап көріңіз, жаныңызға жақын жанды мүмкін жолықтырып қаларсыз.
@. @assel_assanova